«Kúlimde» атты концерт
26 сәуір күні «Педагогика» факультетінің ұйымдастыруымен студент жастарға «Kúlimde» атты концерті өткізілді. Мақсаты: студенттерге достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту. Адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету. Адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту болатын. Концерт барысында Тайкеева Дана және Орынбасар Ақмарал «Әсем ән» әнін орындады. Ал «Сүйемін сені» әнін Құдайберген Еркенұр және Бірлікбаева Талшынның орындаса, Құдайберген Аганас гитарамен сүйемелдеп отырды. Артынша көркем сөз шеберлері Молдан Ислам, Құдайберген Еркенұр және Әбдірей Мұстафа өз шығармашылықтарынан өлең оқыды. Факультетіміздің мың бұралған биші қызы Абдильда Анель және белсенді жастарымыздан құралған флешмоб көрермендерге заманауи би түрлерін паш етті. Концерт соңы ойындармен аяқталды. Ойын жеңімпаздарына түрлі қойың дәптерлері берілді. Студент жастарға жақсы көңіл күй сыйлап, бірге көңілді уақыт өткізілді.
«Педагогика» факультеті деканының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Жанысбек Айдана Жанысбекқызы