COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Шығармашылық мамандықтар факультетінің студенттері "Үміт" балалар үйінде

Шығармашылық мамандықтар факультетінің студенттері "Үміт" балалар үйінде

1 - маусым 1950 жылдан бастап, Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Біздің Қазақстан Республикасында балалар құқығы заңмен бекітілген. Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы. Аталған мерекеге орай "Шығармашылық мамандықтар" факультетінің студенттері Үміт бөбекжай балалар үйіне барып,  1-маусым балаларды қорғау күнімен  бүлдіршіндерді құттықтап қайтты. Түрлі тәттілер, ойыншықтар, кәдесыйлар сыйға тартқан студенттер бір сәт балалық шаққа саяхат жасап,  ойын ойнап, көңіл көтеріп, бүлдіршіндерге жақсы көңіл-күй сыйлады. Өз кезегінде "Үміт" балалар үйінің басшылығы ХТИИ студенттеріне осындай тамаша кездесу  ұйымдастырғаны үшін өз алғыстарын білдірді.

Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс секторы