COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Облыстық форум өтті

Облыстық форум өтті

2.06.2021 күні Халықаралақ Тараз инновациялық институтының мәжіліс залында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен жасөспірімдердің құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде форум өтті.

Басқосуға облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы Жанат Қуанышұлы, Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев , әлеуметтік сала басшылары және бейнеконференц-байланыс режимінде аудан әкімдері қатысты.

Қатысушылар жасөспірімдер арасындағы және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрмысы нашар отбасылармен, қиын балалармен жеке жұмыс жүргізу мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде ХТИИ ректоры Ерболат Саурықов баяндама жасап, институтта студенттердің құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды айта келіп, алдағы жоспарлармен таныстырып, өз ұсыныстарын айтты.

 

Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс секторы