ALEMDI OZGERT
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасында "ALEMDI OZGERT" атты облыстық үздік жобалар байқауы ұйымдастырылып, оған: Тараз қаласы әкімінің аппараты, Байзақ ауданы, Жамбыл ауданы, Жуалы ауданы, Қордай ауданы, Меркі ауданы, Мойынқұм ауданы, Сарысу ауданы, Т.Рысқұлов ауданы, Талас ауданы, Шу ауданы әкімінің аппараты, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және Халықаралық Тараз инновациялық институты қатысқан болатын.
Байқауға «ҚҰРАМЫНДА ГТО БАР ӨҢІМДЕРДІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАДА ҚОЛДАНУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты тақырыпта институтымыздың «Заң» факультеті, 6В0401-«құқықтану» мамандығының 2 курс студенті Жақсылық Шапағат қатысып, «Азаматтық және қылмыстық құқық» кафедрасының меңгерушісі, PhD, криминология докторы Газаев Асхат Ибрагимович және «Азаматтық және қылмыстық құқық» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Ералиева Жазира Дүйсенбекқызы жетекшілік жасады.
Байқаудың қорытындысы бойынша Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенті Жақсылық Шапағат "Құқықтық бағыттағы мәселелер" номинациясында 2 - орынмен марапатталды. Жеңіс құтты болсын Шапағат!
Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс секторы