«ҚР Конституциясы: бастаулары, теория және заманауи тәжірибе» атты республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция
26 тамыз 2021 жылы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Заң» факультетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Конституция күніне» орай «ҚР Конституциясы: бастаулары, теория және заманауи тәжірибе» атты республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталмыш шараға қонақ ретінде: Жамбыл облысы әділет департаменті басшысының орынбасары Айнақұлов Шыңғыс Жұмабайұлы, Тараз қаласы Полиция басқармасы № 1-ші Полиция бөлімі жедел-криминалистикалық бөлімшесінің басшысы, полиция майоры Қонысбаев Мадияр Таңатұлы, Тараз қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Мауленов Думан Болатұлы қатысты. Сонымен қатар, факультеттің профессор-оқытушылар құрамы, 1-4 курс студенттері және республика деңгейінде басқа ЖОО-ның студенттері пленарлық мәжіліске дәстүрлі форматта және онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы қатысты. Конференция соңында белсенді студенттер мен үздік баяндамашылар марпатталып, дипломдар тапсырылды.