COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»


Бүгін, яғни қазан айының 13 күні Халықаралық Тараз инновациялық институты Ақпараттық кітапхана орталығында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының «100 жаңа оқулық» жобасы аясында институттың 1 курс студенттерінің қатысуымен ХТИИ АКО директоры С.Сапарғалиеваның ұйымдастыруымен «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барасында кітапхана директоры студенттерді жаңа оқулықтармен таныстырып, қысқаша мазмұнын жеткізді.
ХХ ғасырдың басында Алаш зиялылары қазақ баласын жаппай білімге шақырып, дамыған жұрттардың бәрінде бар ғылым салаларын негізге алып, қазақ ғылымының іргетасын қалапты. Содан бері бір ғасыр өткенде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы іске қосылды. Қазақ баласы енді гуманитарлық білімнің жаңа оқулықтарымен танысқанда қалай өзгереді? Арадағы ғасырлық межені ескергенде, жаңа оқулық білімнің сапасын көтере ме? - тәрізді сұрақтар турасында кітапхана директоры ойларымен бөлісті.
Семинарда оқулықтар туралы презентация мен видеороликтер көрсетілді. Студенттер жаңа оқулықтармен қызыға танысып, өз пікірлерін білдірді.

"Шерхантану және Рухани жаңғыру" ғылыми-зерттеу орталығы