COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жоспарды талқылауға арналған жиын өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жоспарды талқылауға арналған жиын өтті.

Бүгін Тараз өңірлік университеті ғимаратының ҚР бірінші Президенті залында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жоспарды талқылауға арналған жиын өтті. Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының  бірінші орынбасары Бахытжан Мақсұтұлы Ниязов, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов, Халықаралық Тараз инновациялық институтының Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Құлабекова Гүлшат Қамбарбекқызы, департамент жанынан құралған ақпараттық-ағартушылық штабының өкілдері, журналисттер, үкіметтік емес ұйымдар, депутаттар мен белсенді жастар қатысты.  Жаңадан тағайындалған Бахытжан Мақсұтұлы алдағы атқарылар  жұмыстар туралы, болашақ жоспарлар жөнінде айтып өтті. Өз кезегінде ХТИИ проректоры Г.Қамбарбекқызы институтта атқарылып жатқан іс-шаралар, студенттердің жеткен жетістіктері, "Саналы ұрпақ" фронт-офисінің жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы баяндама жасады. Жиында сөз алған ХТИИ "Заң" факультетінің доценті Құрманбек Сағынбеков ойлы ұсыныстарын ортаға тастап, көпшілік тарапынан қолдау тапса, ХТИИ "Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы" Мусаева Алия, "Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс" секторының жетекшісі Б.Бекназаров Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын әзірлеу бойынша өз пікірлерін білдірді.