COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Ұлы Дала Өркениеттері» байқауына «Мәдениет –ұлттық қайта өркендеу коды» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

«Ұлы Дала Өркениеттері» байқауына «Мәдениет –ұлттық қайта өркендеу коды» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Бүгін, Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп лицейінде бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ұлы Дала Өркениеттері» байқауына «Мәдениет –ұлттық қайта өркендеу коды» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге Халықаралық Тараз инновациялық институтының "Экономика және бизнес" факультетіне қарасты "Қаржы және есеп" кафедрасының аға оқытушысы, кәсіподақ төрайымы Алимкулова Шырынкүл Исламбекқызы, Меркі ауданының "Өлкетану" мұражайының директоры Базилов Айдын Алаудинұлы, Меркі ауданының Жастар ресурстық орталығының директоры Жамалбек Жансұлтан Ұлықбекұлы, ардагер ұстаз Жадраева Тоқтанкүл Смағұлұлқызы, "Меркі тынысы" газетінің журналисті Нуралиев Алихан Атыханұлы, ата- аналар Изетова Елизаветта Айтмұханова, мектеп әкімшілігі, оқушылар қатысты. Дөңгелек үстел тақырыптары:
«Сәлем сөздің- анасы", "Ұл баланың басынан сипама, арқасынан қақ;"және "Бұрымыңды жайма» деген тақырыбында өрбіді. Қонақтар, тақырып бойынша кеңінен әңгімелеп, құндылықтарын, тәрбиенің терең мәніне кеңінен тоқталды. ХТИИ ордасынан қонақ ретінде қатысқан Шырын Исламханқызы тұщымды ойлары мен маңызды пікірлерін ортаға салып, бұл шараның тәрбиелік мәніне тоқталып өтті. Әрқайсысы өз ойларын ашық айтып, бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарады. Бұл, дөңгелек үстелдің тәрбиелік мәні зор.