ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат дөңгелек үстел отырысы өтті.
Бүгін Халықаралық Тараз инновациялық институтының конференц залында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Мақсұтұлының қатысуымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын әзірлеу, оны талқылау және ұсыныстар енгізу туралы дөңгелек үстел отырысы өтті.
Жиынға ХТИИ "Заң", "Экономика және бизнес" факультеттерінің профессор-оқытушылары, Антикор орталығының мамандары, "Саналы ұрпақ" клубының мүшелері және т.б. қатысты. Дөңгелек үстел отырысын Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Гульшат Камбарбековна жүргізді.
Шара барысында тұщымды ой-пікірлер, ұсыныстар, талдаулар айтылды. ХТИИ доценті Құрманбек Сагинбеков бірнеше пункт бойынша жеке-жеке тоқталып, өз көзқарасын білдірді. Бақытжан Мақсұтұлы пікірлердің барлығы орынды екенін, және міндетті түрде жұмыс тобына айтылған ұсыныстарды жеткізетіндігін айтты.