COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Өсімдіктерді қорғау және карантин»

«Өсімдіктерді қорғау және карантин»

Халықаралық Тараз инновациялық институтының 6В080102 – «Өсімдіктерді қорғау және карантин» білім беру бағдарламасының студенттері өндірістік тәжірибеден өтуде.
Тәжірибенің негізгі мақсаты: студенттердің жылыжай көкөніс шаруашылығы саласында кәсіби шеберлік пен дағдыларын дамыту, көкөніс дақылдарының түрін, түрлері мен сорттарын морфологиялық белгілері бойынша танудың практикалық іскерліктері мен дағдыларын меңгеру, бақша дақылдарын күту бойынша қорғау тәсілдері мен агротехникалық тәсілдерді жоспарлау, ашық және қорғалған топырақта көкөніс дақылдарының сапалы, бәсекеге қабілетті өнімін өндірудің экологиялық қауіпсіз және энергия-ресурс үнемдеудің технологияларын іске асыру.
Тәжірибенің міндеті: қорғалған топырақ жағдайында көкөніс дақылдарын өсіру технологияларын іске асыру; егін жинауды ұйымдастыру және жүргізу; қорғалған топырақ жағдайында көкөніс дақылдарын өсіру кезінде жұмыстар жүргізу болып табылады.