COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «ШЕРХАН МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ» ГРАНТТЫҢ ИЕГЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«ШЕРХАН МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ» ГРАНТТЫҢ ИЕГЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығы Қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ш.Мұртазаның сан қырлы шығармашылығы мен қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен мазмұндап, тәуелсіз ел руханиятындағы маңызын зерделеу, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында дәстүрлі «Шерхан Мұртаза оқуларын» өткізуді жалғастырып келеді.
2021 жылы өткізіліп жатқан дәстүрлі «Шерхан оқулары» байқауы былтырғы жылдағыдай республикалық деңгейде және офлайн, өзге облыс оқушылары үшін онлайн форматта 6-рет өткізілді.
Байқау негізгі төрт бағытта өтіп, қалалық кезеңге барлығы 80 оқушы, облыстық кезеңге 130-ға жуық оқушы қатысты. Іріктеу нәтижесінде республикалық, ақтық кезеңге барлығы 5 облыстан (Маңғыстау, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Нұр-Сұлтан) 25 оқушы қатыстырылды.
Алғашқы сөз кезегін ХТИИ-дің бірінші проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Асқар Абдуалы алып, Шерхан Мұртаза шығармашылығының құндылығы турасында айтып өтіп, үміткерлерге сәттілік тіледі.
Ақтық кезеңге әділ бағасын берген қазылар алқасының құрамы төмендегідей: Төрайым: Сейсембаева Жанар Айтбергенқызы - Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің бас ғалым хатшысы, фил.ғ.к, доцент; Шормақова Сәулет Медеубекқызы - М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, фил.ғ.к.; Нусупова Әсима Жеңісбайқызы - М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Қазақ филологиясы және журналистика» кафедрасының доценті, фил.ғ.к.; Мұқашев Темірбай Әлиұлы - М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қазақ филологиясы және журналистика» кафедрасының доценті, фил.ғ.к.; Тамабаева Қаракөз Өмірзаққызы - ХТИИ ғалым-хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Байқау нәтижесі бойынша:
1-орын иегері - «Шерхан Мұртаза атындағы гранттың» иегері - Т.Рысқұлов ауданы, Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Нәдірқұл Аяулым;
2-орын иегері - 50% жеңілдік иегері – Тараз қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Есіркеп Ақбота;
3-орын иегері – 25% жеңілдік иегері - Жамбыл ауданы, Амангелді атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Күмісбек Аслан.
Сонымен қатар, қосымша жүлделі орындарды Қордай ауданы №51 орта мектептің 10 сынып оқушысы Алиева Ұлжан, Меркі ауданының 10 сынып оқушысы Есеналы Нұрайым, Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының 10 сынып оқушысы Ғалымжанқызы Камалия қанжығаларына байлады.
Байқаудың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне орай әдіскерлер мен мұғалімдер алғысын білдіріп, ХТИИ ректоры, фил.ғ.д., профессор, ұлттық руханияттың жанашыры Е.Б.Саурықовтың «Шерхан оқулары» байқауын ұйымдастыруға ұйытқы болып отырғаны, грант пен оқу төлемақысына жеңілдік беруі – оқушылар мен ата-аналар үшін үлкен мүмкіндік екендігін атап өтті.

«Шерхантану және Рухани жаңғыру» ҒЗО директоры Айнұр Кембаева