Зертханалық сабақ
Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осыған орай Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандырылған "Білім - инновация" лицей - интернатының оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Жаратылыстану факультетінің "Биология және ауылшаруашылық мамандықтар" кафедрасының аға оқытушысы В.Магауияқызының жетекшілігімен "Зоология" пәнінен "Қосмекенділердің анатомо-морфологиялық құрылысы" тақырыбында зертханалық сабақ өткізілді. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде үлкен қызығушылық артты.
Жас ұрпаққа болашағына толағай табыс пен биіктерді бағындыра беруін тілейміз.