"Тұғыры биік тәуелсіз ел - Қазақстан" атты ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өткізілді.
14.12.2021ж. күні Халықаралық Тараз инновациялық институтының мәжіліс залында "Тұғыры биік тәуелсіз ел - Қазақстан" атты ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өткізілді. Жиынға ХТИИ профессор-оқытушылар құрамы, ардагерлер, студенттер мен институт қонақтары қатысты. Театрландырылған қойылыммен басталған шара ХТИИ ректоры Е. Саурықовтың құттықтау сөзімен жалғасты. 100 жуық профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастар түрлі грамоталармен марапатталып, 30, 50, 70, 100, 200 мыңдық сертификаттар табысталды. Шара соңы мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.