COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / САЛАУАТ CUP VIII

САЛАУАТ CUP VIII

11-12 желтоқсан күндері Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Семей Медициналық университетінің ұйымдастыруымен «САЛАУАТ CUP VIII» республикалық пікірсайыс турниры өтті.
Турнирге Тараз қаласынан яғни Халықаралық Тараз инновациялық институтының "Күлтөбе" интеллектуалды пікірсайыс клубының пікірсайысшылары қатысты. Республикалық пікірсайыс турниріне еліміздің 8 аймағынан студенттер қатысты. «САЛАУАТ CUP VIII» республикалық пікірсайыс турниры «Британдық – Парламенттік» форматта алғаш рет ұйымдастырылды.
Турнир қортындысы бойынша «Күлтөбе» пікірсайыс клубының мүшелері жастар финалына шығып жүлделі III орынды иеленді. Алланазарова Айдана және Баушыбай Ұланбике «Шикамару» фракциясы атауымен шығып, жартылай финалда Нұр-сұлтан қаласынан Назарбаев Университетінің пікірсайысшыларына жол беріп, жүлделі орынға ие болды.