COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Институт оқытушыларына арналған біліктілік арттыру курсы

Институт оқытушыларына арналған біліктілік арттыру курсы

Халықаралық Тараз инновациялық институты "Педагогика" факультетінің ұйымдастыруымен «Студентке бағытталған оқыту және бағалау» тақырыбына 72 сағаттық біліктілік арттыру курсы басталды. Курсты «Жалпы педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. Бақтыбаева Кулизат Сағынғалиқызы жүргізеді.

Курстың мақсаты: Студентке бағытталған оқыту мен бағалаудың философиясын, идеясын терең түсіну; оқыту процесінде заманауи педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану, критериалды бағалау жүйесін қолдану құзыреттіліктерін дамыту.

Курс соңында қатысушылар студентке бағытталған оқыту тұжырымдамасы мен принциптерін, оқытудың мазмұнын жаңартудың әдістемелік және тұжырымдамалық ерекшеліктерін, рефлексия және кері байланыстың тиімділігін білетін болады.

Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары мен белсенді оқыту әдістерін; Блум таксономиясын, қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қолдана алады.
Курс барысында төмендегідей негізгі тақырыптар талданатын болады:
1. Студентке бағытталған оқыту және бағалау: негізгі принциптері, параметрлері және шарттары
2. Студенттерге бағытталған оқыту жүйесіндегі интерактивті технологиялардың мүмкіндіктері.
3. Критериалды бағалау. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау. SMART мақсаттар.
4. Блум таксономиясындағы жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын қалыптастырудың рөлі.
5. Студенттердің сыни ойлауын дамыту

Курстың екінші аптасында, яғни, 15.02-18.02 аралығында қатысушы оқытушылар демо-сабақ (шағын сабақ) өткізетін болады, мұндағы мақсат: оқытушылардың сабақты тиімді жоспарлау, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану, өзара кері байланыс ұсыну, рефлексия жасау сияқты дағдыларын дамыту.