Су айдындарын көл-тауарлы балық өсіру шаруашылығына ауыстырудың нұсқауы
2022 жылдың 23 ақпанында Халықаралық Тараз инновациялық институтында «Су айдындарын көл-тауарлы балық өсіру шаруашылығына ауыстырудың нұсқауы» тақырыбында семинар өткізілді.
Аквакультура ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған семинарда Жамбыл облысында балық шаруашылығын дамыту перспективалары талқыланды.
Кездесуге Жамбыл облысының 20-дан астам су айдынының өкілдері, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар Министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" РММ балық шаруашылығы бөлімінің басшысы және бас маманы Е.Е.Таматаев пен Қ.Қ.Қожахметов, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының табиғи бағдарламалар, табиғат пайдалану және экологиялық сараптама бөлімінің бас маманы С.О.Ағабек, Аквакультура ҒЗО директоры В.А.Арыстанғалиева қатысты.