COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Әйел – тіршіліктің гүлі

Әйел – тіршіліктің гүлі

Халықаралық Тараз инновациялық институты «Педагогика» және «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің студенттері көктемнің шуақты да шырайлы мерекесі 8 наурыз әйелдердің халықаралық күніне орай «Әйел – тіршіліктің гүлі» атты нәзік жандыларға мерекелік тарту жасады.

Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек нәзік жандылармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, мерекелік кешіміз де аналарға, аяулы аруларға арналды.

Студент жастарымыз ұстаздар және қаракөз қыздарымызға өздерінің ыстық лебіздерін әнмен шашу шашып, мын бұрала билеп, көңілді қойылымдармен білдірді. Концерттік бағдарлама барлығының көңілінен шығып, білімін бұлақтай төгіп жатқан ардақты ұстаздарымызға және қаракөз қыздарымызға деген сый-құрмет жасалынды.