Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жолдауына орай
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев жаһандық даму жолындағы Қазақстанның қауіпсіздігі мен халық мүддесін қорғайтын жаңа Қазақстан құрудағы кезекті ойларымен бөлісіп, болашаққа деген сенімді қалыптастырды.
Ел Президенті осы жылдың қаңтар айында болған елдегі жаппай тәртіпсіздіктің ішкі-сыртқы факторларының жан-жақты зерттеліп жатқандығын, оған қатысты ешкімнің де жауап беруден жалтара алмайтындығын жеткізді. Тәуелсіздік жолында қаншама қиындықтарды еңсерген еліміз үшін әлемдік дүрбелең жағдайда да қауіпсіздікті сақтау, әлеуметтік-экономикалық әлеуетімізді одан ары дамыту аса маңызды екендігін баса айтып, парламенттік билікті күшейту мен жүргізілгелі отырған әкімшілік-басқару реформаларына тоқталды. Оның ішінде, ұлылықтың үлгісіндей болған Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру, Алматы облыстарын екіге бөлу жайлы шешімдерін жариялап, Қапшағай қаласына қазағымыздан шыққан ғасырда бір туатын дара тұлға Д.Қонаевтың есімін беру туралы ұсынысын жеткізді.
Бұл тұрғыдағы саяси шешімдері халықтың нақты көңілінен шықты деп ойлаймын.
Бұған қоса, соңғы уақытта халықтың шын уайымына айналған төл теңгенің бағамы туралы да нақты шешімдер қабылдағанын айтып, жаңа Үкімет пен алдағы уақытқа деген үлкен сенімді қалыптастырды.
Сөз соңын халқымыз үшін тәуелсіздіктің бәрінен қымбат екендігін атап айтып, жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды. Бұл ұранға әрбіріміздің үлес қосуымыз қажет.
Халықаралық Тараз инновациялық институтының ғалым хатшысы, ф.ғ.к., доцент Қ.Ө.Тамабаева