COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / БҰЛ ЖОЛДАУ ЖАҢА БАҒЫТТЫҢ БАСТАЛУЫ!

БҰЛ ЖОЛДАУ ЖАҢА БАҒЫТТЫҢ БАСТАЛУЫ!

- Супер Президенттік республикадан түпкілікті көшу;
- Президенттің жақын туыстарына жоғары лауазымдарға орналасуға тыйым салу;
- Президент бұдан былай ешқандай партияның мүшесі болмайды;
- Президент аудан және ауылдық округ әкімдерін қызметінен босата алмайды;
- Президент енді облыс және Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін мәслихаттың келісімімен тек баламалы негізде тағайындайтын болады;
- Сенаттағы президенттік квотаны 15 депутаттан 10 депутатқа дейін қысқарту (оның ішінде ҚХА ұсынған 5 депутат);
- Конституциялық Кеңестің конституциялық сотқа трансформациясы;
- Прокуратура және адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заңдарға конституциялық заңдар мәртебесін беру және т.б.;

Аталған мәселелердің қай-қайсысы да – елдің елдігін, ертеңін ойлай айтылған мәселелер.
Қандай жағдайда да елімізде, ең алдымен, адамның құқығын толығымен сақтауға негізделген заң мен тәртіп болуы керек.
Бүгінгі ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Қазіргі кезеңде де «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» (Абай).

Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Осы жолда «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс» (Қасым-Жомарт Тоқаев)
Берекелі бірлігімізді көздің қарашығындай сақтай алсақ, мерекелі тірлігімізге төнетін қауіп жоқ. Ең дұрысы, елдік тұтастыққа жік түсіретін, ағайын арасын суытатын қадамдардан аулақ болу жөн.

Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Жаратылыстану мамандықтар» кафедрасының аға оқытушысы Есдаулетова Жанар Сражадинқызы