COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / ХТИИ-да Наурыз мерекесін тойлады

ХТИИ-да Наурыз мерекесін тойлады

Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін табиғат мерекесі.

Наурыз - адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын шаруа мерекесі.

Наурыз – жеті дәмнен Наурызкөже жасап, адамдардың бір - біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын ынтымақ - бірлік мерекесі.

Наурыз – жыл бойы өткен - кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән - күймен, ойын - сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін көңіл мерекесі.

22.03.2022 күні қаламыздағы «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде Халықаралық Тараз инновациялық институтының ақ үйі тігіліп, Наурыз мерекесін көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Киіз үйде қолөнер бұйымдары мен ұлттық киімдер көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Облыс әкімі Бердібек Машбекұлы көрмедегі дүниелерге тәнті болып, жоғары бағасын берді.
Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Г.Қамбарбекқызы Бердібек Сапарбаевқа оқу ордасы «Көркемөнер және сызу» мамандығы бойынша оқытушылар дайындайтынын, кейін олар балаларды халықтық қолөнерге баулитынын жеткізді. Көрмеге қойылған бұйымдардың басым бөлігі, соның ішінде ағаштан, металдан және былғарыдан жасалған дүниелер ХТИИ студенттері мен магистранттарының дипломдық жұмыстары болып табылады десек, қалғандары институт мұражайының қорынан алынған заттар. Өңір басшысының қызығушылығын оятқан бұйымдардың бірі – ыдыстарды тасымалдауға арналған, сапалы былғары қоржындар мен тастарға бейнеленген жыл қайыру бойынша жасалған жұмыстар болды.