COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Астана «Жастар театры» ХТИИ-да қонақта

Астана «Жастар театры» ХТИИ-да қонақта

Халықаралық Тараз инновациялық институтында өнер майталмандарымен, эстрада жұлдыздарымен, жұлдыздық топтармен, жалпы жетістікке жеткен тұлғалармен кездесу дәстүрге айналған.

Бүгін оқу орнымызда, институт ректоры Ерболат Саурықовтың арнайы шақырумен «Астана Жастар театрының» директоры, «Астана махаббатым менің», «Қарашаңырақ», «Анаға апарар жол», «Томирис» т.б. киноларында басты рөлді сомдаған талантты актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әділ Ералыұлы Ахметов;

Жастар театры директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары, белгілі Қазақ эстрадасының әншісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Қарпықұлы Таңатаров;

Жастар театрының негізін қалаушылардың бірі, «Алдар көсе», «Қарашаңырақ», «Шәмші», «Казбат», «Брат или Брак» т.б. киноларында басты рөлді сомдаған театр және кино актері Дәурен Серікбекұлы Серғазин қонақта болды.

Институт қонақтары Студенттер үйімен, заманауи үлгіде жасақталған кино зал, электрондық кітапхана, адалдық дүкені, Студенттердің шығармашылық орталығымен, ұлт аспаптар оркестрі, «Талант» студенттік театры, «Open space» форматында жасақталған кітапхана базасымен танысып, жастарға осындай мол мүмкіндіктер жасаған институт ректоры Ерболат Саурыков зор алғысын білдірді.

Кездесу барысында қонақтарымызға сұрақтар қойылып, өнер майталмандары студент жастарға Мастер-класс көрсетті. ХТИИ «Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар» жөніндегі проректор Гульшат Камбарбековна қонақтарымызға алғысын білдіріп, институт ректоры атынан институт баспасынан шыққан Ш.Мұртазаның «Бір кем дүние» шығармасы мен бағалы сыйлықтарын табыс етті. "Құрметті қонақтар" кітабына қолтаңба қойылып, естелік суретке түсті.