COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Басты бет / БІЗ ТУРАЛЫ / Институт құрылымы / ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БАСҚАРМАСЫ

ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БАСҚАРМАСЫ

Бекназаров Бахтияр Арманұлы

Басқарма басшысы

Байланыс телефоны: +7 705 117 2750

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Шерхан Мұртаза көшесі, 101A 

 

 

 

Басқарма мақсаты мен міндеттері

 

«Жастар саясаты және тәрбие жұмысы» басқармасының мақсаты: 

Басқарманың басты мақсаты институт пен факультеттерде жастар саясаты мен тәрбие жұмысын басқару, ұйымдастыру және бақылау болып табылады. Тәрбие үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелерді енгізу, студенттер қозғалысын есепке алу және әлеуметтік – тәрбие жұмысы тұрғысынан Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен өзара тығыз байланыс жасау.

 

«Жастар саясаты және тәрбие жұмысы» басқармасының функционалдық міндеттері:

- институт студенттері арасында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау;

- әлеуметтік жағынан аз қорғалған, мүгедек және отбасылы студенттермен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды бақылау;

- сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты өткізілетін жұмыстарды қадағалау;

- институтта өткізілетін мәдени,  шығармашылық, танымдық және тәрбие жұмыстарына жетекшілік жасау;

- институттың кураторлық жұмысын жүргізуге атсалысу;

- институттағы жастар саясатының жұмысын жүргізу;

- факультет студенттерімен бірлескен тәрбие жұмыстарын  ұйымдастыруға қатысу;

- тәрбие жұмысына қатысты құжаттарды жоспарлауға қатысу;

- шығармашылық байқаулар өткізу;

- студенттер арасында әлеуметтік сауалнамалар жүргізу;

- студенттердің еңбек жасақтарының қалыптасуына ықпал ету;

- көркемөнерпаздар ұжымдарының жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау;

- институт деңгейінде өткізілетін атаулы қүндерге байланысты іс-шараларды ұйымдастыру, басшылық жасау және өткізу, сонымен қатар  облыста, аймақта және Республикада өтетін іс-шараларға атсалысу;

- студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу шараларын ұйымдастыру;

- қала және облыс құқық қорғау органдары басшыларымен тұрақты байланыс орнату. 

 

Әлеуметтік жұмыс басқармасы 7 бағытта үйлестіру жұмыстарын жүргізеді:

Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар;

Жастар саясаты;

Азаматтық – патриоттық тәрбие; 

Рухани – адамгершілік тәрбие;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және құқықтық тәрбие

Салауатты өмір салтын қалыптастыру;

Студенттердің шығармашылығын дамыту

Басқарма құрамы

  

Абитаева Назгуль

Жастар жобалары мен еріктілер қозғалысы секторының жетекшісі

Байланыс телефоны: +7 775 772 5050

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

  

Кенембаева Ақмарал Сарсенбаевна

жетекші маман

Байланыс телефоны: +7 700 110 0777

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Нуркина Роза Назарқызы

маман

Байланыс телефоны: +7 705 779 0724

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Мырзағұлов Жомарт Аманғалиұлы

Маман

Байланыс телефоны: +7 707 514 1995

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Іс-шаралар

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай студенттер, жас мемлекеттік қызметшілер және магистранттармен кездесті.

Жиынның басты мақсаты – студенттер мен магистранттарды мемлекеттік қызметтегі мансап мүмкіндіктері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету және олардың осы салаға белсенді қатысуын ынталандыру. Тәжірибе алмасу, мемлекеттік сектордағы жұмыстың маңызды аспектілерін талқылау алаңын құру.

Кездесуге Шерхан институтының президенті Нуржан Муслимов және оқу ордамыздың білімгерлері қатысты.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтегі жаңалықтар мен бастамаларды жастарға жеткізген Дархан Медеғалиұлы сала жаңалықтарына тоқталды

 

 

Бүгін Шерхан институтында мектеп президенттері мен кәсіби бағдар беруші мамандарға арналған форум өтті.
Career Forum қала мектептерінен 120-дан аса қатысушылардың басын қосты.
Іс-шараның басты мақсаты – болашақта дұрыс мамандық таңдаудың қыр-сырын үйрету, жол көрсету. Форумда арнайы мамандар тренинг, мастер-класстар өткізіп, экслюзивті кейстермен бөлісті.

 

 

 

 

 

Бокстан Қазақстан командасының капитаны, ХТИИ магистранты Асланбек Шымбергенов Париж олимпиадасында 71 келі салмақта бақ сынайды Айта кетейік, ширек финалда Асланбек әзірбайжандық Сархан Алиевті жеңген Шымбергенов үшін Париж-2024 оның мансабындағы алғашқы Олимпиада болмақ. Орта салмақта (қазір 71 кг) Қазақстан бұған дейін қатарынан бес Олимпиадада алтын жеңіп алған болатын: Ермахан Ибраимов (Сидней 2000), Бақтияр Артаев (Афина 2004), Бақыт Сәрсекбаев (Пекин 2008), Серік Сәпиев (Лондон 2012) және Данияр Елеусінов (Рио 2016).

 

 

Көктем шуағы жылы шырай танытқанда сәулелі көңілдегі кірбің кетіп, жыр тұнған кеуделерге шабыт ұялайды. Осындай оңтайлы уақытта Шерхан институтында да «Поэзия көктемі» іс-шарасы өтті. Жүрегінен өлең аңқыған өрендер ағынан жарылып, құштарлана жыр оқыды.
Шараның мақсаты - білімгерлерге поэзия құдіреті арқылы қазақ деген ұлы халықтың болмысы мен бітімінің ұлылығын дәріптеу. Осы орайда жыр кешіне қатысқан 11 студент махаббат, отан, ана туралы жазылған ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Қатысушылар мен көрермендер лирикалық өлең шумақтарын тыңдап, рухани кемелдікке ұмтылды. Ақын сезімі мен ішкі құндылығын бағалауға тырысты.

 

 

2024 жылдың 16-17 наурызында Астана қаласы Назарбаев университетінде  робототехника бойынша "ROBOTEX KAZAKHSTAN 2024" Республикалық іріктеу турнирі өтті.

"ROBOTEX KAZAKHSTAN 2024" Республикалық турниріне қатысқан 240 команда ішінде Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының командасы: «Информатика-23-2» тобының студенті София Садырмекова және ХТИИ ІТ Академия тыңдаушысы Аружан Альмуратова «LEGO LINE FOLLOWING» номинациясында І орын  иеленді. Команда жетекшісі «Дрон Академия» менеджері Айнұр Суранчиева.

Енді олар, 2024 жылдың 21 сәуірінде Түркия елінде өтетін "ROBOTEX TURKIYE 2024" әлем чемпионатында бақ сынайды.

 

 

Қазақ қыздарының аяулы да сұлу болмысын, рухани келбетін дәріптеу мақсатында өткен «Үкілі ару» байқауының қорытынды кезеңі өтті. Сайысқа ұлт дәстүрі мен мәдениетін, ұлттық өнерді тал бойына жинаған, қазақ қыздарына тән ибалылық, ізеттілік қасиеттерді бойына сіңірген арулар қатысып, өзара мықтыны анықтады.

  Байқауға Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, Дулати университеті, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі, «Астана» көпсалалы колледжі, Тараз мамандандырылған колледжі, Тараз политехникалық колледжі мен Шу, Меркі, Т.Рысқұлов, Мойынқұм, Сарысу аудандарының білім беру орындарынан іріктеуден өткен 12 қыз қатысты. Байқау шартына сай қатысушы қыздар сәлемдесу рәсімі, өнер сайысы, танымдық сайысы және шаш өру бойынша өнер көрсетті.

   Нәтижесінде, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 2 курс студенті Карина Хамитова  «Үкілі ару-2024» жеңімпазы атанды. І дәрежелі диплом Шерхан институтының 1 курс студенті Диана Қуантайға бұйырды. ІІ дәрежелі дипломды Мойынқұм ауданынан келген 11-сынып оқушысы Мерей Бақытхан мен Шерхан институтының 2 курс студенті Гауһар Сайлаухан жеңіп алды. Ал, Т.Рысқұлов ауданы Құлан агротехникалық жоғары колледжінің білімгері Айнұр Нұрбек пен Дулати университетінің студенті Нұршахизада Салимова ІІІ дәрежелі дипломды місе тұтты.
Сонымен қатар, өзге арулар мынадай номинациялар бойынша марапатталды:

«Ерке қыз» - Алия Орынбасарова («Астана» көпсалалы колледжі)
«Шырайлы қыз» - Аянұр Аманқұл (Меркі ауданы);
«Көрермен көзайымы» - Ақбота Абылай (Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі);
«Кербез сұлу» - Аяулым Бауыржанова (Сарысу ауданы);
«Әдемі қыз» - Еркеайым Бейсен (Шу қаласы);
«Ажарлы қыз» - Нұрдана Эсембай (Тараз политехникалық колледжі); 

Барлық жүлделі орындар мен номинация иегерлері арнайы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Ағымдағы жылдың 14-15 наурыз күндері Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе ұйымдастыруымен дәстүрлі «Үкілі ару-2024» байқауы өтеді. Жыл сайынғы сұлулық сайысы биыл 9-шы рет өткізілгелі отыр.

Іс-шараның мақсаты - студенттердің бойында қазақ қызына тән мінез-құлықты, нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты үялатып, ұлттық салт-дәстүрді насихаттап, дарынды жастарға қолдау көрсету .

Дәстүрлі байқауға биыл қала мен аудандардан 14 қыз бақ сынауда. Сайыс 2 күнге жалғасады. Кеше байқаудың алғашқы кезеңі өтіп, аруларымыз «Қазақ дастарханы» аспаздық сайысында өз өнерлерін көрсетті. Ереже бойынша, қыздар белгіленген уақытта қамыр илеп, оны жаю керек болған. Аталған тапсырманы барлық арулар өз деңгейінде орындап шықты. Әділ-қазілар алқасы, әр қатысушының жайған қамырына баға беріп, тиісті ұпайларын берді.

Енді, бүгін, яғни 15.03.24 күні, сағат 14.00-де қалалық мәдениет үйінде байқаудың екінші кезеңі өтеді. Онда, 14 қатысушы қызымыз «Мен қазақтың қызымын...»(сәлемдесу рәсімі – үміткердің өзін таныстыруы), «Қыз – еркем, өнерімен көркем»( өнер сайысы – тек қазақ өнеріне қатысты: ән айту, ұлттық аспаптарда ойнау, би билеу, қол өнері, монолог оқу және т.б),  «Қыз сұлу көрінеді білімімен...» (танымдық сайысы – қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпына,әдебиеті мен тарихына байланысты және ситуациялық сұрақтарға жауап беру), «Білектей арқасында өрген бұрым...» (шаш өру сайысы), кезеңдері бойынша сайысқа түседі. Байқау қорытындысы алдағы уақытта жарияланады.

 

 

16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай ХТИИ институты “Жалпы педагогика” кафедрасының ұйымдастыруымен дәстүрлеріміздің бірі “ Тұсаукесер” рәсімі өткізілді. Ырымшыл қазақ тұсауы кесілмеген бала сүріншек, болашақта жығылғыш болады деп пайымдайды. Ал, тұсауы кесілген бала біреудің ала жібін аттамайтын адал, жолы ашық азамат болады деп санаған. Сондықтан, қаз тұрып, тәй-тәй басып келе жатқан баланың тұсауын кесу бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан ескі дәстүр.

Рәсімде тәй-тәй басуға ұмтылған кішкентай сәбидің тұсауын кафедра меңгерушісі Рахат Елубаева кесті. Шашу шашылып, барлық кәделер жасалды.

«Баланың әр жетістігін көру зор қуаныш. Тұсаукесер де осындай ұлтымыздың ұлағатты салтының бірі. Сәбилеріміз сүрінбесін, әрқашан жолдары болсын! Барлық сәби бақытты болсын!» -деп Рахат Елубаева өз батасын берді.

Айта кетейік, Ұлыстың ұлы күні елімізде кең көлемде тойланып жатыр. Ол үшін арнайы мерекелік бағдарлама да әзірленген. Яғни, 14 наурыз, Көрісу күнінен басталған шаралар легі 23 наурызға дейін жалғасады.

 

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен 1-2 наурыз күндері әлеуметтік және тәрбие жұмыстары бойынша проректорлар мен студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенді өкілдерінің қатысуымен Торайғыров университетінде халықаралық семинар-жиналысы өтуде.

Семинарға Германия, Чехия, Әзірбайжан мемлекеттері ЖОО-ларының өкілдері қатысып, жастар тәрбиесіне байланысты тәжірибелерімен ой бөлісті.

Пікірлесу алаңында тәжірибе алмасулар, тренингтер өтті.

Аталған іс-шараға Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Гүлшат Қамбарбекқызы Құлабекова мен студенттік ректор Аққанат Болат қатысуда.

 

 

23 ақпан күні Жаратылыстану факультеті «Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» кафедрасы мектеп, колледж түлектеріне арналған «Болашаққа бізбен бірге!» атты «Ашық есік апталығын» бастады. Институтқа №16, №2, №29, Н.Данаев атындағы орта мектептерінің 10-11 сынып оқушылары, Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының студенттері келді. Кездесу барысында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының ерекшеліктері, даму тенденциялары мен трендтері туралы сұхбат жүргізіліп, институттың зертханалық базасы көрсетілді.

Мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне ІТ зертханаларында заманауи ІТ маман жұмысының қыр-сырын түсіну үшін VR-технологиялар мүмкіндіктері көрсетілді, мобилография бойынша мастер-класс жүргізілді, ІТ Академияның курстары бойынша («ҰБТ-ға дайындық. Информатика», «Робототехника», «Графикалық дизайн») қысқаша экскурс жасалды, «Компьютерлік графика» зертханасында аппараттық-программалық кешендердің (3D printing, UV printing, лазерлік құрылғы) жұмысы көрсетіліп, лазер құрылғысымен жасалаған брендтік бұйым (брелок) сыйлыққа берілді.

Ашық есік апталығы жалғасады.

 

 

 

 

Жастар ұйымдары

 

 
Жылдық жоспар 2024-2025 оқу жылына

0000

Жылдық есеп 2024-2025 оқу жылына

0000