COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Басты бет / БІЗ ТУРАЛЫ / Институт құрылымы / «ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАР» БАСҚАРМАСЫ

«ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАР» БАСҚАРМАСЫ

Күмісбек Жомарт Валерийұлы

Бөлім басшысы

Байланыс телефоны: +7 701 732 67 41

E- mail.ru: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Басқарма максаты мен міндеттері

 

Институттың ғимараттарына ағымды және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу. Институтқа қарасты жерлерді тазарту жұмыстарын ұйымдастыру. Институтқа бекітілген мүліктердің қолданылып, сақталуын бақылау. Институттың кафедралары мен бөлімдердің материалдық-техникалық және басқада ресурстармен қамтамасыз ету. Құралдар, өндірістік санитария жағдайларына бақылау жасау. Институт мүліктерімен құралдарын санау, тіркеу, ауыстыру жұмыстарын орындауды ұйымдастыру. Институттың еңбек шартын санитарлық–техникалық жағдайын уақтылы және сапалы тіркеуден өткізу, электр қондырғылары мен желілерінің қарсыластық өлшемдерін, қондырғыларды желдендіру бойынша және ауадағы шаң, газдар құрамын, бөлмедегі жарық, жылу, жұмыстарын ұйымдастыру. Әкімшілік –шаруашылық персоналдың жұмыстарын орындау барысында техника кауіпсіздігі мен енбек қорғау бойынша нұсқауларды жүйелі қарау және әзірлеу жұмыстарын жүргізу. Мемлекеттік және қоғамдық органдармен қызмет бабына қатысты жұмыстар бойынша байланыстар жасау. Мекемеде техника және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақталуын қамтамасыз ету.

Халықаралық Тараз инновациялық институтында мамандарды дайындау білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарға сай оқу ғимараттарында жүргізіледі. Университеттің жеке меншігіндегі ғимараттар:

Жамбыл даңғылы, 123 «Л»; 357 ш.м. Байзақ ауданы Қостөбе ауылы – Агробиологиялық станция ғимараты. 1411,6 ш.м.
Университеттің оперативтік қолданудағы ғимараттары:
Желтоқсан көшесі, 69Б 3607,1 ш.м;
Қ. Сатпаев көшесі, 1А 2026,6 ш.м;
Рысбек батыр көшесі, 13Б 1755 ш.м;
Е. Ниетқалиев көшесі, 122 1119,3 ш.м;
Ташкент көшесі, 121 – Спорт кешені 1719,6 ш.м.
Жамбыл данғылы 121 1407,3 ш.м.
     Институт ғимараттары жалпы ауданы – 13403,5 шаршы метр; келтірілген студенттер контингентінің 1 студентіне шаққанда – 5,6 шаршы метрден (сабақ ауысымын ескере отырып – 11,2 шаршы метр) келеді.
2014 жылы институт өз түсім қорынан жаңа салынып жатқан оқу ғимаратына 157969,4 мың теңге қаржы жұмсады.
     Институтта оқу үрдісін талаптарға сай жүргізу мақсатында келісімшарт негізінде жалпы ауданы 1719,6 ш.м. спорттық кешен пайдалануда.
2009-2010 оқу жылында жаратылыстану бағыты бойынша оқитын студенттерге арналған Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көстобе а/о орналасқан Агробиологиялық станция құрылысы қолға алынды. Жоспарға сай «Агробиологиялық станцияда» жұмысын ұйымдастыру мақсатында «Тараз инновацилық университетінің» әкімшілігінің өтінішімен Жамбыл облысы Аудандық әкімдігі 14.08.2009 жылғы №398 қаулысымен жалпы көлемі 2 га жер учаскесі зертханалар және жылу жай салу және оған қызмет көрсету үшін бөлінді. 2014-2015 оқу жылының басында «Агробиологиялық станция» толық іске қосылды.
    Оқу лабораториялық кабинеттерінің, оқу-өндірістік шеберханалардың және де басқа арнайы мамандандырылған жайлардың қазіргі заман талабына сай жабдықтармен жабдықтау дәрежесі – талапқа сай.
     Студенттердің қамтамасыз етілуі:
- спорттық құрылыспен – жалпы ауданы 1719,6 ш. - Қазіргі уақытта университетін Сатпаева 1А мекен жайының алаңында 1200 шаршы метрден аса ашық волейбол, баскетбол, кіші футболға арналған заманауи жабдықталған алаңдар, керме, қолмен жүру кермесі, секіруге арналған шұңқыр, жүгіру жолдары бар. Оперативтік басқаруға алыңған Тараз қаласының Ташкент көшесіндегі №121 мекен жайында орналасқан спорт кешенін көлемі 1719.6 м² . Спорт кешенінде 36м х 18м үлкен ойын залы, 300 м² бокс залы, 361 м² күрес залы, 200 м² гимнастика залы, 90 м² тренажер залы, 64 м² теннис залы бар, сонымен қатар ыстық және суық сумен жыл бойы қамтамасыз етілген жуынуға арналған бөлмелер 28,3 м², киім ауыстыратын бөлме 28,3 м², барлық бөлмелер мемлекеттік стандартқа сәйкес қамтылған. Сонымен қатар университетте мамандыққа қажетті спорттық жабдықтар: күрес залында күреске арналған кілем, бокс залында бокс рингі, алты жерге бокс қаптары ілінген, 10 дана бокс қолғаптары, медициналық бол, әр-түрлі салмақта кір тасы, әр-түрлі салмақта гантельдер, футболға арналған қақпа орнатылған, тартылуға арналған керме, қос сырық, комплекті штанга, доптар, теннис столдары, тартылуға арналған арқан. Спорттық құрылыспен – жалпы ауданы 1719,6 ш.м. спорттық кешен мен 1200 шаршы метр ашық спорт алаңы пайдалануда;
Жәнеде Сатпаев 1 А мекен жайының аланына ені 24 метр ұзындығы 56 метрге созылған жана заманға және барлық талаптарға сай жабық спорзал құрылысы тиісті мемлекет мекемелерінен рұқсаты алынып 2015 жылдың 15 сәуір айында басталды толық аяқталу мерзімі 2015 жылдың 15 қазанда университетке қолданылуға берілуі тиіс.
     Білімгерлер мен қызметкерлерге дәрігерлік көмек көрсету төрт пункті қызмет көрсетуде. Амбулаторлық – поликлиникалық емдеу – аурудың алдын алу үшін орталық емханамен келісім-шарт жасалған.
- Университетке 24.09.2009 жылы медициналық дәрігерге дейін қызметпен айналысуға берілген лицензияны университетін занды мекен жайы ауысуына байланысты Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облысының әкімшілігі Лицензияның № 15006574 10.04.2015 жылы 080000 Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Тараз қаласы Тараз иновациялық-гуманитарлық университетіне БСН 080640010161-ге жанартылып берілді. Медициналық қызмет көрсету пунктері алғашқы көмек көрсету медициналық құрал-жабдықтармен және дәрілермен қамтамасыз етілген атап айтқанда.