COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Басты бет / БІЗ ТУРАЛЫ / Институт құрылымы / «СТУДЕНТТЕР МЕН БІТІРУШІЛЕРДІҢ МАНСАПТЫҚ ӨСУ» СЕКТОРЫ. «ТҮЛЕКТЕР АССОЦИАЦИЯСЫ»

«СТУДЕНТТЕР МЕН БІТІРУШІЛЕРДІҢ МАНСАПТЫҚ ӨСУ» СЕКТОРЫ. «ТҮЛЕКТЕР АССОЦИАЦИЯСЫ»

Дартаева Назира Камбаровна

Сектор жетекшісі

Байланыс телефоны: +7 775 817 9035

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.   

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 69Б 

 

 

 

 

Сектор туралы

 

Сектор атқаратын жұмыстар: 

- жұмыс іздеушілердің, жұмыс берушілердің, әріптестердің ынтымақтастық туралы шарт жасасу жөніндегі дерекқорын құру, қолдау және дамыту;

- түлектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің бос жұмыс орындары туралы хабарландыруларды орналастыруда әлеуметтік желіні (Instagram, Whatsapp, facebook), институт сайттарын пайдалану (htii.edu.kz.);

- түлектердің түйіндемелерін орналастыру үшін enbek kz сайтын пайдалану;

- институт қабырғасында алған білімдеріне қанағаттану және түлектер туралы жұмыс берушілердің пікірлері туралы ақпарат алу мәселелері бойынша өткен жылдардағы түлектермен өзара байланыс орнату;

- өтінімдерді қабылдау, тапсырыс беруші кәсіпорындарды консультациялық сүйемелдеу;

- тапсырыс беруші кәсіпорынның талаптарына сәйкес кандидаттардың жеке сипаттамаларын бағалау негізінде кандидаттарды іріктеу бойынша жұмыс жүргізу;

- жұмысқа орналастыру саласындағы өзекті тақырыптар бойынша тренингтер мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу;

- түлектердің жұмыс берушілермен байланысын қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар өткізу (дөңгелек үстелдер, Түлектер жәрмеңкесі, Бос орындар жәрмеңкесі).

- түлектерді Бос орындар жәрмеңкелеріне қатысуын қамтамасыз ету және хабарландыру;

- түлектерге олардың мансабын басқару және дамыту, ұйымға бейімделу мәселелері бойынша кеңес беру;

- сауалнама негізінде білім алушылар мен түлектердің кәсіби, іскерлік, моральдық, психологиялық қасиеттерін зерттеу;

- жұмыс берушілердің түлектердің кәсіпқойлық деңгейіне, институттағы білім сапасына қанағаттануын анықтау мақсатында сауалнама жүргізу.

 

«Студенттер мен бітірушілердің мансаптық өсу» секторы студенттерді болашақ мансап құруға дайындау әрі бағыт-бағдар беруге көмектеседі. Біз жұмысқа орналасу мүмкіндігін сараптау, жұмыс берушілермен байланыс орнату және студенттерді еңбек нарығына бағыттау үшін студенттермен бірінші күннен бастап тығыз жұмыс істейміз.

 

Студенттерге уақытын оңтайлы үнемдеуге және жұмысқа орналасу мүмкіндігін жақсартуға, сондай-ақ талпыныстары, идеялары мен жоспарларын анықтауға бағытталған жеке нұсқаулық сабақтар өткізіп әрі даму салаларын айқындауға жол ашамыз.

 

Оқу жылы аясында біздің сектор сізге мансап құруға қалай көмектеседі:

-кәсіби бағдарлы кеңестер — өзіңіздің мықты жақтарыңызды қалай табуға болады;

-басқалардан ерекшелендіретін түйіндеме құрастыру мен ілеспе хаттар жазу бойынша семинарлар мен тренингтер;

-кәсібиден тыс құзіреттіліктерді дамыту — неліктен тек кәсіби дағдыларды дамытқаннан басқа да дағдыларды дамыту маңызды;

-іскерлік әдеп бойынша сабақтар;

-жұмыс берушілермен кездесулер;

-дөңгелек үстелдер мен семинарларға қатысу.

 

«Бізбен бірге өз мансабыңды құруды бүгіннен баста»

Түлектер Ассоциациясы

 

Халықаралық Тараз инновациялық институты студенттері мен түлектерін жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеп, еліміздің дамуына өз үлесін қосқан бірегей оқу орны. Бүгінгі кездесу соның бірден-бір дәлелі, біз әрбір түлегімізді мақтан тұтатындығымызды жеткізгім келеді. Жыл сайын институтымызда мыңдаған жастар оқуларын аяқтап, үлкен өмірге қадам басып, оқу ордасында алған білімдерін пайдаланып, өз саласының үздіктері атануда. Міне бүгін «Студенттер мен бітірушілердің мансаптық өсу» секторының ұйымдастыруымен сол үздік түлектеріміздің бірі «Қаржы» мамандығының 2014 жылғы түлегі Бисенбаев Нұрлан Мақсатұлымен кездесу өтті. Қазіргі таңда Нұрлан Мақсатұлы жеке кәсіпкер, қаламыздағы «NB» антикинотеатр желілерінің директоры.
Кездесу барысында қонағымыздың білім мен ғылым жолындағы жетістіктері, студенттік кезеңі мен кәсіпті бастаған сәттеріндегі туындаған қиыншылықтары туралы өмір жолын студент жастар қызыға тыңдады. Түлегіміз оқу ордамыздың бүгіні және болашағы туралы мәліметтермен таныса отырып, өзінің институт туралы қонымды ойларын ортаға салды.
Өз кезегінде студент жастар; кәсіпті 0-ден қалай бастауға болады? жалпы сізге кәсіп бастауға кім көмек берді? Институт қабырғасындағы қатал немесе ең сүйікті ұстазыңыз есіңізде қалды ма? сынды сұрақтарын қойып әдемі әңгімеге ұласты. Сөз соңында Нұрлан Мақсатұлы ұстаздарға алғысын айтып, жаңа жетістіктерге жол ашатын, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын жасампаз студенттеріңіздің қатары көбейе берсін, институтымыз үздіктер қатарынан орын алып, тұғырынан таймасын, әрқашан жақсылықта жүздесе берейік - деп өз тілегін жеткізді.

 

«Тұрақты болашақ үшін бірге жұмыс жасаймыз!» атты институт түлектерімен кездесудің кезекті қонағы болған облыстық «77 TV» телеарнасының Бас редакторы Созақбаева Перизат Қуатқызы.

Созақбаева Перизат 2014-2018 жылдары оқу ордамызда «Филология» мамандығы бойынша білім алған. Студент кезінде республикалық, облыстық және қалалық қоғамдық-мәдени және қоғамдық-саяси іс-шараларға қатысқан белсенді студенттер қатарында болды. 2015 жылы институтымызда өткен сұлулық байқауының жеңімпазы болған ару қызымыз.

«Студенттер мен бітірушілердің мансаптық өсу» секторының жетекшісі Назгүл Әбітаева алдымен институт түлегін Студенттер үйінің материалдық-техникалық базасымен таныстырды. Кездесу барысында студенттер қонағымызға түрлі сауалдарын қойып, студенттік кезеңдегі қызықты сәттері мен ең ауыр кезеңдері туралы айтып беруін өтінді.

Өз кезегінде түлегіміз институттың бүгінгі таңда барлық саладағы дамығанына таңданысын білдірді. Жиында институт түлегі студенттік күндерінің ұмытылмастай ерекше болғанын, әрбір өткен қызықты шақ мәңгі есте сақталатындығын жеткізді. «Мен бұл өзім бітірген киелі ордамнан өмірлік ұстаным, мол тәлім-тәрбие, шексіз білім алдым. Мен үшін бұл институт әрдайым ыстық. Институт түлегі ретінде студенттермен кездесуге арнайы кездесуге шақырғандарыңыз үшін алғыс айтамын», — деді Перизат Созақбаева.

 

Әрбір жоғарғы оқу орнының өзінің бетке ұстар мақтанышы болады. Адам баласы әрбірінің өмірінде сүйіспеншілікпен және жүрек жылуымен еске алатын ұмытылмас кезеңдер бар. Ол студенттік кезеңде өткен тәтті шақ.
Өміріңдегі әдемі кезеңді еске алу және оқу орнының студент жастарымен байланыс орнату мақсатында «Студенттер мен бітірушілердің мансаптық өсу» секторының ұйымдастыруымен «Тұрақты болашақ үшін бірге жұмыс жасаймыз!» атты институт түлегі, қазіргі таңда жеке кәсіпкер «Make up Dariga» сұлулық студиясының директоры Бозжігітова Дариға Мұсағалиқызымен кездесу өтті.
Кездесу барысында институт базасы, оқу ғимараттарына шолу жасалып, әсірсе Студенттер үйінде орналасқан «Сұлулық салоны» таныстырылды. Студент қыздар қонағымызға: Бизнеске қалай келдіңіз? Бет күтімі? Студенттік шақтағы қызықты оқиға? Қандай сабақты оқу сіз үшін қиын болды? сынды сұрақтар қойып ашық әңгіме диалог құрды. Студенттер болашақта институтымыздың базасында орналасқан сұлулық салонында түрлі мастер-класттар өткізуді ұсынды. Бұл кездесу әрі қарай өз жалғасын табатын болады. Сіз, келесі кездесуге бізге қонаққа қай түлегіміздің келгенің қалайсыз?

“Студенттер мен бітірушілердің мансаптық өсу” секторының жетекшісі Н.Әбітаева

Іс-шаралар

  

14 қарашада 2023 жылы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан-Адал Азамат» Ұлттық Құрылтайының II отырысында жастарға жолдаған жолдауы аясында бітіруші студенттерге арналған студенттік «Адал азамат» фестивалі институт қабырғасында алғаш рет ұйымдастырылып өткізілді.

Фестиваль мақсаты: Жастарымызға дұрыс жол сілтеу және Адал азамат етіп қалыптастыру! Студенттер арасында азаматтық жауапкершілікті, этикалық құндылықтарды және әлеуметтік белсенділікті насихаттау еді. Фестивалда студенттердің білімінн, дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін дамытты.

Іс-шараға Елімізге еңбектері сіңген құрметті азаматы: Жамбыл облыстық билер кеңесінің төрағасы Есіркепов Оңласын Қарабаевич, институт президенті Муслимов Нуржан Жумартович, вице-президент Сарыбеков Махметгали Нургалиевич, ректор Баяндин Марат Асылбекович, ректор кеңесшісі Абдуалы Аскар Бегадилович және т.б. қонақтарымыз қатысты.

Фестиваль спикерлері «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің 4 курс студенті  Әбумансұр Тұрар Ерланұлы мен психолог-коуч Сакулова Гульназ Бейсенбековна  қатысып тренингтер өткізді.

Факультет  студенттері  адал азамат тұлғасын өз театр қойылымдары, көрмелер, бейне көрсетілімдері арқылы жастарға қандай азамат болу керек екендігі туралы көрсетіп жеткізе білді. Фестиваль қорытындысы бойынша қатысқан қонақтарымыз бен студенттерге номинациялар беріліп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 

01 желтоқсанда 2023 жылы «Педагогика» және «Шығармашылық мамандықтар» факультетерінің бітіруші студенттеріне арналған «Жұмысқа орналасуға көмек» атты семинар-тренинг өткізілді.

Тренингтің басты мақсаты – институт түлектеріне жұмысқа орналасуға көмек көрсетуге бағытталды. Тиімді Резюме жазу техникасымен және сұхбат кезіндегі өзін-өзі ұстау және жалпы этикет дағдылары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Спикерлер ретінде 08 сәуір 2022 жылы келісілген ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасыныңконсультациялық қызмет көрсетуге құқықтық қамтамасыз ету және педагог кадрлармен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы Арын Маржан Сейілханқызы қатысты.

Білім басқармасының бас маманы бітіруші студенттерді enbek.kzплатформасындағы бос жұмыс орындарына орналасу конкурсына қатысудың негізгі ережелерімен, ҚР Білім және Ғылым Министірлігінің 2012 жылғы 21 ақпанындағы № 57 бұйрығының 3-тарауымен таныстырып портфолионың сауатты жиналуын түсіндіріп өтті.

Студенттерді психологялық тұрғыдан жұмыс нарығына дайындау, стрессті басқару, эмоционалды интелектті дамыту, өзін-өзі таныту және сенімділікті арттыру жаттығуларымен  коуч-психолог Телеуова Салтанат жалғастырды. Бұл семинар бітіруші студенттерге психологиялық тұрғыдан дайындалып, жаңа ортаға бейімделуге және кәсіби мансабын сенімді түрде бастауға қажетті дағдылар мен білім беруге көмектесуге арналды. 

 

 

06.12.2023 жылы «Экономика және бизнес», «Жаратылыстану» және «Заң» факультеттерінің бітіруші студенттеріне арналған «Бітіруші студенттермен жұмысқа орналасу алдындағы бағыт» атты семинар-тренинг өткізді.

Тараз қаласы Полиция басқармасы тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция майоры Бакжанов Бекзат Балтабекович, Жамбыл облысы Полиция департаменті Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция капитаны Бекжанов Куаныш Уланович, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Тулентаева Фариза Мустафаевна қатысты.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бітіруші түлектерге Полиция департаментіне жұмысқа орналасу алгаритімімен таныстырды. Жамбыл облысының Полиция департаментінің порталдарынағы бос орындар тізімімен ұсынды.Сонымен қатар, кәсіби дағдыларын үздіксіз жетілдіріп отыруға түлектерді шақырды.

Тренингке қатысушылардың жағымды психологиялық дайындығы үшін, институтының «Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету» орталығының маманы Түймебай Әсем Абзалқызы сенімді мінез-құлыққа, өзін-өзі орналастыру қабілетіне және басқа да маңызды дағдыларға бағытталған түрлі жаттығулар өткізді. Бұл жаттығулар студенттердің өзіне деген сенімділігін арттыруға, стресске төзімділігін күшейтуге және болашақтағы кәсіби қызметке дайын болуына ықпал етті. Тренинг бітіруші студенттерді жұмысқа орналасуға қолдау көрсетуге, ішкі әлеует пен құзыреттілікті ашу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталды.

 

 

29 наурыз 2024 жылыӨңірдегі жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайту және бизнеспен, мемлекеттік сектормен өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында институт қабырғасында алғаш рет«АДАМИ КАПИТАЛ: ЗАМАНАУИ ТРЕНДТЕР» тақырыбында HR-FORUM–ын өткізілді.

Бұл форум заманауи тенденцияларды білуге, кадр саясатының алға қойған міндеттері мен басымдықтары туралы дұрыс түсінікті қалыптастыруға, компаниялар арасында коммуникацияны арттыруға, тиімді HR тәжірибелерді талқылауға бірегей мүмкіндік беруге арналды.

Форум ІІ пленарлық сессиядан тұрды:

Мемлекеттік секторларға замануи HR

HR-брендинг

Келген қонақтар қатарында Жамбыл обысының мемлекеттік мекемелері мен аймақтық ірі компания басшылары және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорлары қатысты.

Форумдағы ІІ пленарлық сессияға спикерлер ретінде:

Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысының орынбасары – Құрманбеков Серік Сәтбекұлы;

Жамбыл облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы – Садырқұлов Рауан Нұрғалиұлы;

Тараз қаласының білім бөлімі басшысы - Қожамжарова Раушан Пернешовна;

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - Шарипов Руслан Шамелұлы

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы - Зұлпыхар Жомарт Дүйсенұлы;

«Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тараз қаласы бойынша Мансаптық орталық филиалының жұмыс берушілермен байланыс жасау бөлім басшысы - Бораншы Еркебұлан Әміржанұлы;

Жамбыл облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Медиа және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы - Нарегеев Әлихан Бауыржанұлы.

«Қазфосфат» ЖШС Бас директорының кеңесшісі - Кулекеев Батырбек Абдрасилович;

«Банк ЦентрКредит» АҚ Тараз филиалының директорының орынбасары;

Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палата басшы орынбасары Пралиев Бақыт Мейірбекұлы

«Қазына Байзақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры - Давлетбаева Гулнара Бекбергеновна сөз сөйледі. 

«Жоғары оқу орындарының HR командалары оң өзгерістерді қамтамасыз етуде маңызды тетік екенін бәріміз мойындаймыз. Оқытушылар, ғалымдар, әкімшілік қызметкерлер – барлығы оқу орнының миссиясы мен стратегиясын, мемлекеттік саясат тұрғысынан жоғары білім мен ғылым алдындағы басты мақсаттарды жетік түсініп, сапалы білім беру үшін де HR менеджменті ынталандырудың, мотивациялаудың заманауи ерекшеліктері мен үдерістерінен хабардар болуы уақыт талабы. Мықты HR-ы бар ұйым қай кезде де алдыңғы шепте болмақ»,-деп атап өтті өз сөзінде Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Зұлпыхар Жомарт Дүйсенұлы атап айтты.

Келген HR-FORUM қонақтары мен қатысушыларынан «Жұмыс берушілердің түлектерді дайындау сапасына қанағаттануы» атты сауалнама онлайн форматта жүргізілді. Бұл сауалнама жұмыс берушілердің институт түлектерінің дайындық деңгейіне қаншалықты қанағаттанатынын анықтауға бағытталды. Нәтижелер институтқа білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және түлектердің кәсіби талаптарға сай болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, форум аясында жоғары білікті мамандардың қатысуымен семинар-тренинг те ұйымдастырылды. Мәселен, педагогика ғылымдарының кандидаты Бақтыбаева Кулизат Сагынгалиевна форум қатысушыларына «Тайм-менеджмент - уақытты басқару өнері» тақырыбында шеберлік сағатын өткізсе, Inn.Gress компаниясының бас директоры - Инна Гресле форум қатысушыларына «Қазіргі жағдайдағы персоналды басқару» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.

Форым соңында институтпен тығыз ынтымақтастық қарым-қатынастағы жұмыс берушілерге сый-сияпаттармен марапатталды.

 

 

Жастарға мемлекеттік қызметтің артықшылықтары мен міндеттерін түсіндіруге, қажетті дағдыларды үйретуге және жұмысқа орналасу процесін жеңілдету үшін 2024 жылдың16 сәуірнде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Шарипов Руслан Шамелұлы барлық бітіруші курс студенттері мен магистранттарға «Мемлекеттік қызмет жастар үшін» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндама барысында білім алушыларға мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат берілді және ҚР Мемлекеттік қызметі туралы Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде GPA 3,33-тен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген түлектер бір жыл ішінде конкурс өткізілместен  мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алатыны айтылды.  Бұл семинар бітіруші студенттерге мемлекеттік қызметке орналасу процесін түсінуге,қажетті дағдыларды меңгеруге және осы салада табысты болуға көмектесуіне арналды.

 

Бітіруші курс студенттеріне арналған САУАЛНАМА

Түйіндеме

Түлектерге арналған бос орындар