COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет

IT Академия

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновацилық институтында білім беру жүйесінде ІТ кластер құру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Институт Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасымен және Жамбыл облысы "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен уш жақты ынтымақтастық меморандум жасап, цифрландыру жұмыстары бойынша жоспарын белгіледі. Меморандум шеңберінде қатынастырды одан ары даму мақсатында 2023 жылы институт базасында өңірлік ІТ Хаб құру мүмкіндігі қарастырылып, жүзеге асты. 

2022 жылдың 2 қарашасында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында IT Академиясы ашылды.

IT Академияның мақсаты - ХХІ ғасырдың дағдылары мен құзыреттіліктерін қалыптастыру: білім алушылардың ақпаратпен жұмыс істей білу дағдыларын, технологиялық дағдыларды қалыптастыру.

IT Академиясындабілім алушылардың жасы 10 жастан 50+ жасқа дейін.

Курстард тізімі:

-ҰБТ-ға дайындық (Информатика пәнінен);

- Робототехника;

- Графикалық дизайн;

- "Күміс IT" цифрлық сауаттылықты арттыру курсы;

- Компьютерлік  модельдеу (3D printing, UV printing, лазерлік құрылғыда  жұмыс істеу).

Мастер класстар:

-Әлеуметтікмедиадағывиртуалдыкоммуникациялар;

- Бейнероликтердімонтаждау;

-SMMskills және т.б.

Жамбыл ХАБ Шерхан Мұртаза ат.ХТИИ Студенттер үйінде (Жамбыл проспектісі 75А) орналасқан, жалпы көлемі 300  кв.м. жуық. Мұнда 50 адамға арналған коворкинг орталық, компьютерлік класс (20 компьютер) және видеостудия бар.

Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасымен бірлесіп 2023 жылы 24-25 ақпанда Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институты Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы және «AVR Group» компаниясымен бірлесіп мектеп оқушылары, колледждер және ЖОО студенттерінің қатысуымен Бірінші өңірлік "ITII HACKATHON-2023" іс-шарасын өткізеді.

ITII HACKATHON-ға 300-ге жуықмектеп оқушылары мен студенттеріқатысты.

Ш. Мұртаз атындағы ХТИИ осы форумды біздің өңірде IT қозғалыс мәдениетін дамыту мақсатында жас және талантты IT-мамандарды дайындау үшін жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.