COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет

Дрон Академиясы

2023 жылдың тамыз айында Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында Дрондар Академиясы ашылды. Дрондар Академиясының тыңдаушылары мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттері.

 

Дрондар Академиясының мақсаты - ҰҰА пайдалану саласындағы инновацияларды дамытуға, дрондарды пайдалану тиімділігін арттыру, зерттеулер жүргізу және экономиканың әртүрлі салаларында ҰҰА пайдалану бойынша тыңдаушылардың кәсіби дағдыларын дамыту.

 

Міндеттері:

1. Пилоттық негіздерді, техникалық дағдыларды, ұшу қауіпсіздігін, ережелер мен реттеуді, сондай-ақ дрон саласының инновациялары мен дамуын үйрету.

2. Ұшу теориясы мен физикасы, навигация, дрондардың құрылысы туралы білім беру.

3. Техникалық дағдылар мен дрондарды жөндеуге, жүйелерді басқаруға және калибрлеуге, басқа да техникалық аспектілерге үйрету. Практикалық тапсырмаларды орындау үшін ҰҰ бағдарламалау аппаратын басқарып ұшыру.

Бүгінгі күні технология жетістіктерінің нәтижесінде дрондар әр түрлі салада кеңінен қолданылуда. Дронды басқару және бағдарламалау барысында Академия тыңдаушылары физика және геометрия сияқты ғылыми концепцияларды іс жүзінде меңгереді.  

 

Функционал:

1. Ұшуды басқару, маневр жасау және навигацияны қоса алғанда, ұшқышсыз ұшу негіздерін үйрету.

2. Білім алушыларға  дрондарды күтіп ұстау және жөндеу үшін қажетті техникалық дағдыларды, соның ішінде электроника, механика және бағдарламалау туралы білімді беру.

3. Дрон саласының инновациялары мен дамуын, соның ішінде жаңа технологияларды, дрондарды әртүрлі салаларда қолдануды және болашақ даму бағыттарын зерттеу.

4. Дрондарды ұшыруды модельдеу жолдарын тапсырмалар орындау негізінде   практикалық сабақтар өткізу.

5. Білім алушыларға ҰҰ сертификатын немесе лицензиясын алуға дайындау, ауадан түсіру, іздеу және құтқару немесе нысандарды тексеру сияқты белгілі бір салаларда жұмыс істеуге дайындау.

6. Білім алушыларға өз білімдері мен дағдыларын нақты әлемде қолдана алатындай практикалық тәжірибе мен нақты жобаларда жұмыс істеуге мүмкіндік беру.

7. Білім алушыларға  кәсіби байланыстар мен желілерді, соның ішінде тағылымдамадан өту немесе дрон академиясының серіктестерімен және дрон саласындағы басқа ұйымдармен жұмыс істеу мүмкіндіктерін дамытуға қолдау көрсету.

 

Дрон академиясының курстары:

1 курс. Пилоттық оқыту

2 курс. Дрондарды құрастыру және бағдарламалау

 

Тыңдаушылардың құзыреттері:

1. Ұшқышсыз ұшуды бағдарламалау

2. Ұшуды модельдеу

3. Басқару және навигация жүйелерін дамыту

4. Борттық жүйелер туралы ақпаратты өңдеу