COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Басты бет

«АҚПАРАТТЫ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КАФЕДРАСЫ

ОНГАРБАЕВА МАРАЛ БУРКИТБАЕВНА

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к

Байланыс телефоны: +7 701 618 28 26 

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.   

Кафедра туралы

 

«Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар»  кафедрасында  5 бакалавриат БББ бойынша мамандар даярланады: 6В06101 – «Информатика», 6В06102 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 6В06103 -«Ақпараттық жүйелер және технологиялар»,  6В06104 - «Компьютерлік инженерия», 6В06105-"Computer science".

7М 01505- «Информатика және цифрлық технологиялар» БББ 28.07.23 ж Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілді, магистранттар әлі қабылданған жоқ

2023-24 о.ж. кафедраның педагогикалық жүктемесі - 114591 сағат, ол 17,25 штаттық бірлікті құрайды. Кафедрада 14 оқытушы жұмыс істейді, оның екеуі – қосқызметте (өндірістен).  ПОҚ ғылыми үлесі 25 % (3 ғылым кандидаты)

"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" кафедрасының білім беру бағдарламалары заманауи ғылыми-техникалық базаға ие, кафедра зертханалары оқытудың жаңа интерактивті құралдарымен жабдықталған.

Кафедра зертханалары: 3-104- «Программалау», 3-105- «Компьютерлік желілер», 3-108- «Компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру және архтектура», 3-109- «Компьютерлік графика», 3-205- «Деректер базасы» Зертханаларда заманауи компьютерлік техника, лазерлік-нақыштау құрылғысы, 3D принтерлер, UV-принтер, робототехника құралдары бар. 3-202 «VR зертханасы» жабдықталуда. Студенттер бағдарламалық оқытумен қатар аппараттық және бағдарламалық жабдықтарда практикалық тұрғыдан үйренуде.

Ақпаратты өңдеудің бағдарламалық – аппараттық кешендері (3D принтер, UV-принтер, лазерлік-нақыштау құрылғысы) арқылы заманауи бағдарламалау технологиялары мен жұмыс дағдыларын меңгерген IT-технологиялар және полиграфия саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында 2022 жылы 6В06105-"Computer science" тәжірибеге бағытталған білім беру бағдарламасы ашылды. 6В06105 – "Computer science" бірлескен білім беру бағдарламасы қос дипломды бағдарлама болып табылады, Ч.Храбрый ат. Варна еркін университетімен (Болгария) бірлесіп әзірленген, бағдарлама түлектеріне Ш. Мұртаза ат. ХТИИ  дипломы және Варна еркін университетінің дипломы беріледі.

Бірлескен инновациялық және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін халықаралық зерттеу ұжымдарын қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Ч.Храбрый ат. Варна еркін университетімен бірлесіп 2023-2025 жж аралығында "Цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу" тақырыбында ғылыми-зерттеу жобасы орындалуда.

2023 жылы Эразмус+ бағдарламасы шеңберінде информатика және компью-терлік инженерия бағытында Computational Life Sciences жобасы орындалуда. Бұл жоба пәнаралық трансұлттық қос дипломды магистрлік бағдарламасын құруға бағытталған.

ҚР БҒМ-нің 2021-23 жж арналған гранттық қаржыландыру бойынша ИРН №AP09259657 "Қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің білімін бақылау үшін прокторингтің автоматтандырылған жүйесін зерттеу және әзірлеу" жобасы аясында  п.ғ.к.  М.Б. Онгарбаева ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.  

Докторлық диссертациялардыдайындау бойынша: аға оқытушы Садықова Т.Д. - АТХУ, Д024-Ақпараттық технологиялар; аға оқытушы Алтынбекова Ж.Т - ҚазМемҚПУ, 8D01502-Информатика мамандықтары бойынша жұмыстарын жалғастыруда.

Жыл сайын ПОҚ оқытылатын пәндері бойынша тиісті сертификаттармен расталған біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, атап айтсақ: Coursera: SQL for Data Science біліктілікті арттыру курстары (п.ғ.к. Онгарбаева М.Б., т.ғ.к. Омаров А.Ж., аға оқыт. Шинышерова Ж.Б.), күшейтілген тілдік даярлыққа арналған біліктілікті арттыру курстары (аға оқытушы.Ерманова Г. Б., Шомаева Г.К.), білім беру жүйесіндегі цифрландыру мәселелері бойынша (доц. Аязбаев Т.Л., аға оқытушы Алтынбекова Ж.Т.), программалау бойынша біліктілікті арттыру курстары (аға оқытушы. Галагузова Т.А.., Абдигаппар К.), Робототехника бойынша (Шинышеров Ж. Б.) және т. б..

2018-2023 ж.ж. кафедраның ПОҚ 118 басылым шығарды: нөлдік емес импакт-факторы бар басылымдарда - 5, алыс шет елдердегі басылымдарда - 8, ТМД елдерінде - 4, республикалық басылымдарда - 12, отандық журналдарда, оның ішінде ҚР БҒМ Білім саласындағы бақылау комитеті ұсынған - 16, ҚР БҒМ-де конференция материалдарының жинақтары: халықаралық - 67, Республикалық - 24. Соңғы бес жылда мамандықтардың элективті пәндері бойынша 8 оқу, оқу-әдістемелік құрал және 30-дан астам оқу-әдістемелік кешен шығарылды.

Студенттердің кәсіби дағдылары мен құзыреттерін дамыту үшін институтта ІТ Академия ашылды, оның мақсаты - қазіргі заманғы бизнес  және жұмыс берушілерге ең өзекті, талап етілетін білімді ұсыну болып табылады. 2022 жылы институт Huawei ІСТ Академиясымен және Cisco желілік Академиясымен серіктес болды, бұл кафедраның білім беру бағдарламаларының студенттеріне осы әлемдік компанияларда АКТ саласында оқыту мен сертификаттаудан өтуге мүмкіндік береді.  6В06103 – Ақпараттық жүйелер және технологиялар БББ-ның 5 студенті Cisco Академиясында курстан өтіп, сертификаттау емтиханын тапсырып, халықаралық сертификатқа ие болды. Осы мамандықтың студенті Гасанов С. Аmazon корпорациясының жобаларының біріне қатысатын қазақстандық студенттердің  тізіміне енді.

Кафедрада "Робототехника", "The IT Crowd" ғылыми үйірмелері жұмыс істейді. Студенттер жыл сайын стартап-жобалар конкурстарына, ғылыми конференцияларға қатысады, ҒЗЖ нәтижелері бойынша авторлық куәліктер алуға өтінім береді. 2022-23 оқу жылында студенттер StartupOrda жобасының бизнес - инкубациясына, StartupOrda бизнес идеялар жобасына қатысып, жеңімпаз аталды, сондай-ақ І Өңірлік ITII Хакатон-2023 белсенді қатысты.

Кафедра құрамы

 

Аязбаев Талғатбек Лесбекович

Ғылыми дәрежесі: ф.-м.ғ.к.

Қызметі: қауымдстырылған профессор (доцент) 

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Омаров Аширхан Жанбекович

Ғылыми дәрежесі: т.ғ.к.

Қызметі: профессор ассистенті

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Ерманова Галия Бердаковна

Ғылыми дәрежесі: информатика магистрі

Қызметі: сеньор-лектор 

E-mail: yermanova.g@mail.ru

 

 

 

Шинышерова Жазира Болатовна

Ғылыми дәрежесі: техника және технология магистрі

Қызметі: сеньор-лектор 

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Әбдіғаппар Қыдырбек Сейтжаппарұлы

Ғылыми дәрежесі: т.ғ.м.

Қызметі: сеньор-лектор 

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Карбозова Индира Аскарбековна

Ғылыми дәрежесі: техника және технология магистрі

Қызметі: сеньор-лектор

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Майкон Назгүл Жандосқызы

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.м.

Қызметі: ассистент

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Шарапов Нұрғиса Нұралыұлы

Ғылыми дәрежесі: м.ғ.м.

Қызметі: ассистент

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Калмаханова Дана Бахытовна

Ғылыми дәрежесі: ж.ғ.м.

Қызметі: ассистент

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Оңғарбай Мөлдір Ерболатқызы

Ғылыми дәрежесі: м.ғ.м.

Қызметі: ассистент

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Кузметова Салтанат Нурабаевна

Ғылыми дәрежесі: ж.ғ.м.

Қызметі: ассистент

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Чуканова Анэль Тимуровна

Ғылыми дәрежесі: и.б.

Қызметі: лаборант

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Білім беру бағдарламалары

  

Бакалавриат

6В06101 – Информатика

6В06102 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

6В06103 - Ақпараттық жүйелер және технологиялар

6В06104 - Компьютерлік инженерия

6В06105 - Computer science

Магистратура

Информатика және цифрлық технологиялар

  

6В06101 – «Информатика» білім беру бағдарламасы

Білім беру бағдарламасының мақсаты: сандық индустрияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жеке, зерттеу әлеуетіне ие экономиканы цифрландыру және ақпараттандыру міндеттерін бағдарламалық сүйемелдеуді әзірлеуге, енгізуге қабілетті,  IT – жобаларға жетекші, IT саласының кадрларын даярлау болып табылады.

«Информатика» білім беру бағдарламасының түлегіне 6В06101-«Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Бакалавриат түлегі келесі қызметтерді атқара алады:

- инженер-бағдарламашы (бағдарламашы);

- бағдарламашы (веб-мастер, веб-дизайнер);

- ақпаратты қорғау инженері;

-жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес олардың біліктілігіне сәйкес келетін кәсіби қызметте IT-технологияларды қолдануға байланысты басқа да лауазымдар.

6В06101 – «Информатика» Білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуін қолдау және өңдеу процесін ұйымдастыру мақсатында ресурстарды және уақытты тиімді жоспарлау және басқару; аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу және верификациялау; аппараттық және бағдарламалық құралдарды, кешендер мен желілерді құрастыру;  кәсіби қызмет объектілерінің сенімділігі мен тиімділігін арттыру мақсатында математикалық, алгоритмдік және бағдарламалық қамтамасыз етуді талдау, жасау және жетілдіру; пайдаланушылардың сұраныстарын талдау негізінде кәсіптік қызмет объектілерінің жекелеген компоненттерінің талаптары мен ерекшеліктерін, пәндік сала модельдерін және техникалық құралдардың мүмкіндіктерін әзірлеу; e-Learning құралдарын, мультимедиялық, қашықтықтан және басқа да компьютерлік технологияларды кеңінен қолдана отырып педагогикалық қызметті жүзеге асыру.

 

6В06102 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

білім беру бағдарламасы

Білім беру бағдарламасының мақсаты: Қазіргі заманғы нарық жағдайында кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін, есептеу техникасы және ақпараттық технологиялар саласында іргелі және қолданбалы білімі бар бәсекеге қабілетті маманды дайындау болып табылады. Жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмысқа қабілеттілігін бақылауға және қамтамасыз етуге қабілетті IT-технологиялар саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау.

Бакалавриат түлегі келесі қызметтерді атқара алады:

Программист, WEB-программист; Бағдарламалық қамтама бойынша әзірлеуші; Деректер базасының администраторы; Жүйелік талдаушы; Компьютерлік желі администраторы; Компьютерлік желілерді қорғау және қауіпсіздігі саласындағы маман; IT-маман; Ақпараттық технологиялар мен жүйелермен байланысты басқа лауазымдар.

6В06102 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады: ақпараттық жүйелерді жобалау; ақпараттық жүйелерді пайдалану; ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу; жүйелерді тестілеу; бағдарламалық-аппараттық қорғауды қамтамасыз ету.

Кәсіби міндеттерді компоненттік және жауапты шешу үшін бакалавр:

ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерін жүзеге асыру үшін есептеу техникасы құралдарын, бағдарламалау құралдарын қолдану; кәсіби қызмет объектілерінің математикалық, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету элементтерін жобалау; кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуіне байланысты ақпараттық процестердің есептеу және бағдарламалық модельдерін құру және зерттеу; құбылыстардың, процестер мен жүйелердің математикалық модельдерін есептеу техникасы құралдарымен таңдау және іске асыру; кәсіби қызмет объектілерін әзірлеу және зерттеу процесін ұйымдастыру кезінде технологияны, аспаптық бағдарламалық құралдарды және есептеу техникасы құралдарын таңдау; жүйелік, аспаптық және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді, есептеу техникасын және ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерін инсталляциялау, теңшеу және қызмет көрсету; бағдарламалық өнімдерді, ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерін сүйемелдеу; ақпараттық ресурстарды басқару, автоматтандырылған жүйелерді пайдалануды ұйымдастыру, компьютерлік жүйелер инфрақұрылымының архитектурасын құру, бақылау және сүйемелдеу, бағдарламалық және аппараттық құралдардың, кәсіпорынның ақпараттық құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуде құзыретті болуы тиіс.

 

6В06103 -«Ақпараттық жүйелер және технологиялар»

білім беру бағдарламасы

Білім беру бағдарламасының мақсаты: Жоғары тұлғалық-кәсіби құзыреттілікке ие, қазіргі заманғы еңбек нарығы үшін ақпараттық жүйелер мен технологияларды әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу заманауи әдістерін, құралдары мен технологияларын меңгерген ІТ-мамандарын (ІТ- менеджер, ІТ- консультант, ІТ- жобалар жетекшісі) кешенді және сапалы дайындау.

Бакалавриат түлегі келесі қызметтерді атқара алады:

жалпы ақпараттық жүйелер мен ақпараттық жүйелердің түрлі компоненттерін жобалау және өңдеу;

Ақпараттық жүйелердің желілік инфрақұрылымын орнату, конфигурациялау және басқару;

компьютерлік технологияны пайдалану, ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелерін жүзеге асыру үшін құралдарды бағдарламалау;

ақпараттық жүйелерде деректер базасын жобалау және басқару;

Өндірісте, ғылымда, білім беру саласында, мәдениет, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығында, мемлекеттік басқару салаларында төмендегідей кәсіби қызмет атқара алады:

Инженер-программист (программист).

Программист (веб – мастер, веб – дизайнер).

Жүйелік администратор.

Жобаларменеджері.

Ақпараттық жүйелер саласындағы кәсіби білім мен дағдылар, атап айтқанда: Ақпараттық жүйелер негіздері, IT - инфрақұрылым, жүйелік IT талдау және жобалау, IT қосымшаларын әзірлеу, кәсіпорын архитектурасы және ERP-жүйелер, IT бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, адам-машина жасау Интеллектуалды ақпараттық жүйелердің, іздеу мен ақпаратты алу. Берілген мерзімде берілген сапамен кәсіби қызмет объектілерін әзірлеу процесін тиімді ұйымдастыру; кәсіби қызмет объектілерін әзірлеу процесін бағалау, бақылау және басқару; қабылданған ұйым шеңберінде кәсіби қызмет объектілерін әзірлеу процесін персоналды оқыту.

Эксперименттік-зерттеу қызметі саласында: аппараттық-бағдарламалық кешендерді тестілеу және баптау; аппараттық және бағдарламалық құралдарды, кешендер мен желілерді құрастыру; кәсіби қызмет объектілерін сертификаттау;

Ғылыми-зерттеу қызметі саласында: әдістерді, алгоритмдерді, бағдарламаларды, аппараттық-бағдарламалық кешендер мен жүйелерді талдау, теориялық және эксперименттік зерттеу; кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуіне байланысты есептеу және ақпараттық процестердің математикалық және бағдарламалық модельдерін құру, зерттеу және тиімді іске асыру; кәсіби қызмет объектілерін құру кезінде қолданылатын формальды модельдер мен әдістерді әзірлеу және жетілдіру.

Жобалау қызметі саласында: пайдаланушылардың негізгі сұраулары мен талаптарын анықтау, таңдалған аспаптық құралдардың тиімділігі мен перспективасы тұрғысынан пәндік саланы бағалау, техникалық тапсырманы әзірлеу; қазіргі заманғы жобалау әдістері, құралдары мен технологиялары негізінде компьютерлік жүйелердің математикалық, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету элементтерін жобалау және талдау; әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуді құру, тестілеу және верификациялау.

 

6В06104 - «Компьютерлік инженерия» білім беру бағдарламасы

Білім беру бағдарламасының мақсаты: Бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, сайт, деректер қоры, робототехника, компьютерлік жүйелер, желілер мен серверлік жабдықтарды жобалау және қолдау салаларында білікті компьютерлік инженерия бойынша бакалаврларды дайындау.

Бакалавриат түлегі келесі қызметтерді атқара алады:

Білім беру бағдарламасының түлегіне 6В06104 - «Компьютерлік инженерия»  білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Бітіруші бағдарламалау, деректер қоры, ақпаратты қорғау, желілік технологиялар, көлемді мәліметтер, робототехника, компьютер мен перифериялық құрал-жабдықтарды бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету туралы теориялық және практикалық білімнің кең ауқымын меңгерген және монтаждық-жөндеу, өндірістік-технологиялық, эксперименталды-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, жобалау-технологиялық қызметімен айналыса алады.

Осы білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттер келесі қабілеттерге ие болады деп күтілуде:

- ақпаратты қабылдау, талдау, жалпылау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау және есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету саласының негіздері мен тарихын білу мен түсінуді көрсету;

- алынған базалық білімді беру, аппараттық-бағдарламалық кешендер компоненттерінің архитектурасын жобалауды, аппараттық-бағдарламалық кешендердің адам-машиналық интерфейсін жобалауды білу;

- маңызды деректерді жинау және түсіндіру, экономика мен басқарудың, білім мен ғылымның даму міндеттерін қоя білу және шешу;

- жаңа ақпаратты контекстке келтіру және түсіндіру, кәсіби тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті ақпаратты іздей білу;

- зерттеу аймағының жалпы құрылымын және оның элементтері арасындағы байланыстарды түсінуді көрсету.

ЖОО бітірушісінің жалпы құзыреттілігі жалпы білімділікке, әлеуметтік-этикалық құзыреттілікке, экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне, арнайы және басқа да құзыреттерге қойылатын талаптар негізінде қалыптасқан. 

 

Біліктілікті арттыру

 

«Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» кафедрасы профессорлық-оқытушылық құрамынның кәсіби біліктілігін арттыру бойынша үнемі жұмыс істейді. Кафедраның әрбір оқытушысы жыл сайын түрлі кәсіби курстарда, семинарларда, тренингтерде біліктілігін арттырады. 2019-2020 оқу жылында – 23 сертификат, 2020-2021 оқу жылында – 16 сертификат, 2021-2022 оқу жылында –20-дан астам сертификат алды. Ағылшын тілін оқытуға, оқытудың инновациялық әдістері бойынша біліктілікті арттыру курстарына және бейінді пәндер бойынша біліктілікті арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бірқатар пәндерді оқытушылар ағылшын тілінде жүргізеді.

Сертификаттар

 

Кафедра жетістіктері

 

"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" кафедрасының білім беру бағдарламалары заманауи ғылыми-техникалық базаға ие, кафедра зертханалары оқытудың жаңа интерактивті құралдарымен жабдықталған. Зертханаларда заманауи компьютерлік техника, лазерлік-нақыштау құрылғысы, 3D принтер, УК-принтер, робототехника құралдары бар. Студенттер бағдарламалық оқытумен қатар аппараттық және бағдарламалық жабдықтарда практикалық жұмысты үйренеді, бұл материалды беру қарқындылығын арттыруға, студенттердің белсенділігін арттыруға және болашақта өз бизнестерін ашуға мүмкіндік береді. Виртуалды шындық зертханасы бар.

Ақпаратты өңдеудің бағдарламалық – аппараттық кешендерінде (3D принтер, УК-принтер, лазерлік-нақыштау құрылғысы) заманауи бағдарламалау технологиялары мен жұмыс дағдыларын меңгерген IT-технологиялар және полиграфия саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында 2022 жылы 6В06105-"Computer science" тәжірибеге бағытталған білім беру бағдарламасы ашылды.

6В06105 – "Computer science" бірлескен білім беру бағдарламасы қос дипломды бағдарлама болып табылады, Ч.Храбрый ат. Варна еркін университетімен (Болгария) бірлесіп әзірленген, бағдарлама аяқталғаннан кейін түлектерге Ш. Мұртаза ат. ХТИИ дипломы және Варна еркін университетінің дипломы беріледі.

Бірлескен инновациялық және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін халықаралық зерттеу ұжымдарын қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Ч.Храбрый ат. Варна еркін университетімен бірлесіп 2023-2025 жж аралығында "Цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу"тақырыбында ғылыми-зерттеу жобасы орындалады.

ҚР БҒМ-нің 2021-23 жж арналған гранттық қаржыландыру бойынша ИРН №AP09259657 "Қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің білімін бақылау үшін прокторингтің автоматтандырылған жүйесін зерттеу және әзірлеу" жобасы аясында  п.ғ.к. М.Б. Онгарбаева ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Докторлық диссертациялары бойынша: аға оқытушы Садықова Т.Д. - АТХУ, Д024-Ақпараттық технологиялар; аға оқытушы Алтынбекова Ж.Т - ҚазМемҚПУ, 8D01502-Информатика мамандықтары бойыншажұмыстарын жалғастыруда.

Жыл сайын ПОҚ оқытылатын пәндері бойынша тиісті сертификаттармен расталған біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, атап айтсақ: Coursera: SQL for Data Science біліктілікті арттыру курстары (п.ғ.к. Онгарбаева М.Б., т.ғ.к. Омаров А.Ж., аға оқыт. Шинышерова Ж.Б.), күшейтілген тілдік даярлыққа арналған біліктілікті арттыру курстары (аға оқытушы.Ерманова Г. Б., Шомаева Г.К.), білім беру жүйесіндегі цифрландыру мәселелері бойынша (доц. Аязбаев Т.Л., аға оқытушы Алтынбекова Ж.Т.), программалау бойынша біліктілікті арттыру курстары (аға оқытушы. Галагузова Т.А.., Абдигаппар К.), Робототехника бойынша (Шинышеров Ж. Б.) және т. б..

2018-2023 ж.ж. кафедраның ПОҚ 118 басылым шығарды: нөлдік емес импакт-факторы бар басылымдарда-5, алыс шет елдердегі басылымдарда - 8, ТМД елдерінде - 4, республикалық басылымдарда - 12, отандық журналдарда, оның ішінде ҚР БҒМ Білім саласындағы бақылау комитеті ұсынған - 16, ҚР БҒМ-де конференция материалдарының жинақтары: халықаралық - 67, Республикалық - 24. Соңғы бес жылда мамандықтардың элективті пәндері бойынша 8 оқу, оқу-әдістемелік құрал және 30-дан астам оқу-әдістемелік кешен шығарылды.

Студенттердің кәсіби дағдылары мен құзыреттерін дамыту үшін институтта ІТАкадемия ашылды, оның мақсаты - қазіргі заманғы бизнес  және жұмыс берушілерге ең өзекті,талап етілетін білімді ұсыну болып табылады. 2022 жылы институт Huawei ІСТ Академиясымен және Cisco желілік Академиясымен серіктес болды, бұл кафедраның білім беру бағдарламаларының студенттеріне осы әлемдік компанияларда АКТ саласында оқыту мен сертификаттаудан өтуге мүмкіндік береді. 6В06103 – Ақпараттық жүйелер және технологиялар БББ студенті Құсанбай А. Cisco Академиясында курстан өтіп, сертификаттау емтиханын тапсырып, халықаралық сертификатқа ие болды. Осы мамандықтың студенті Гасанов С. Аmazon корпорациясының жобаларының біріне қатысатын қазақстандық студенттердің  тізіміне енді.

Кафедрада "Робототехника", "The IT Crowd"ғылыми үйірмелері жұмыс істейді. Студенттер жыл сайын стартап-жобалар конкурстарына, ғылыми конференцияларға қатысады, ҒЗЖ нәтижелері бойынша авторлық куәліктер алуға өтінім береді. 2022-23 оқу жылында студенттер StartupOrda жобасының бизнес - инкубациясына, StartupOrda бизнес идеялар жобасына қатысып, жеңімпаз аталды, сондай-ақ І Өңірлік ITII Хакатон-2023 белсенді қатысты. Оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу қызметі мен қоғамдық жұмыстардағы жоғары көрсеткіштері үшін оқытушылар ҚР БҒМ, қала және облыс әкімдігінің төсбелгілерімен, грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Доцент Аязбаев Т.Л. ҚР ҰМ "Ғылымға қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен, п.ғ.к. Оңғарбаева М.Б. ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен, аға оқ. Галагузова Т.А. РАЕ ғылыми басылымдары көрмесінің лауреаты медалімен, Аязбаев Т.Л., Галагузова Т. А. "Үздік педагог-2020" медалімен, "Қазақстанның құрметті ұстазы" медалімен, аға оқытушылар Шомаева Г.К., Шинишерова Ж.Б. ректордың Құрмет грамоталарымен  марапатталды.

Білім беру бағдарламаларын табысты іске асыру үшін мынандай міндеттер алға қойылды:

 - ағылшын тілінде ПОӘК әзірлеу, ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру және ағылшын тілі сертификаттарын алу бойынша ПОҚ дайындау  жұмыстарын жандандыру (TOEFL, IELTS, ТОЙІС);

"Computer science" БББ бойынша  шетелдік жетекші университеттердің ғалымдарын дәріс беруге тарту;

- тәжірибеге –бағытталған білім беру мақсатында ІТ саласындағы үздік мамандарды оқу үрдісіне тарту;

-стартап жобалар арқылы ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қамтамасыз ету;

- жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындармен әріптестік қатынастарды күшейту арқылы IT-саланы дамытуға атсалысу.