«Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар» кафедрасы
Кафедра құрамы
Білім беру бағдарламалары
Бакалавриат
6B01404- "Кәсіптік оқыту" білім беру бағдарламасы
6B01405- "Көркем еңбек және сызу" білім беру бағдарламасы
6B01411- Бастапқы әскери дайындық
Магистратура
Түйінді көрсеткіштері бойынша жұмыс жоспары
Ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспары
2021-2022 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары
Ғылыми-зерттеу және шығармашылық тәжірибе жұмыстарды орындау
Шебер қолдар 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Сиқырлы қалам 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Студенттердің практикадан өту базалары
№ 12 мектеп гимназия КЕСКО келісім-шарт
№12 мектеп гимназия БӘД келісім - шарт
№23 орта мектеп БӘД келісім - шарт
№23 орта мектеп КЕСКО келісім - шарт
№38 орта мектеп БӘД келісім - шарт
№38 орта мектеп КЕСКО келісім - шарт
№50 орта мектеп БӘД келісім - шарт
№50 орта мектеп КЕСКО келісім - шарт
Біліктілік арттыру
"Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар" кафедрасында кәсіби біліктілігі жоғары профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді. Оқу үдерісінде жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етуге бағытталған білім беру бағдарламаларында оқытылатын пәндері бойынша тиісті сертификаттар мен расталған біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, білімін жетілдіріп отырады.
Кафедра жетістіктері
6В01411- «Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасы
6В01411- «Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білікті профессор оқытушылар құрамы жұмыс атқарады. Оқу кабинеттері арнайы заманауи интерактивті тақталарармен, оқу-әдістемелік құралдар, түрлі спорттық снарядтар, оқу жаттығу автоматтарымен жабдықталған. Студенттер ҚР ҚК Жалпы әскери жарғысына сәйкес шағын әскери (плац) алаңында жәнеәскери спорттық ойындарға арналған арнайы кедергілермен жабдықталған алаңында білімдерін практикамен ұштастырып жаттығады. Білім беру бағдарламасының оқытушылары мен студенттеріқалалық, облыстық, республикалық түрлі жарыстарға, олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарды иеленіп отырады. 2023жылы ҚР жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен «Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі» пәні бойынша XIV-Республикалық пәндік олимпиадасында жалпы командалық есепте ІІІ-орынды иеленді, жетекшісі аға оқытушы, подпалковник М. Турсынбаев.Студенттер оқу, кәсіби, педагогикалық практика барысында облыс аймақтарының және Тараз қаласының №38,23,53,47,48,33,12 орта мектептер мен гимназияларымен және әскери бөлімшелермен келісім шарт негізінде кәсіби практикадан өтеді. Студенттердің теориялық білімін практикамен ұштастыру мақсатында дуалды оқыту жүйесі бойынша Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Н.Гоголь атындағы орта мектебімен келісім шарт жасалып студенттер білімін тәжірибе барысында шыңдап отырады. Білім беру бағдарламасында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында «Әскери патриоттық клуб» жұмыс істейді.
6В01404 - «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы
6В01404 - "Кәсіптік оқыту" білім беру бағдарламасының студенттеріне жоғары сапалы білім беру қызметтерін көрсету, өндірісті ұйымдастырудың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келетін бағдарламалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру мақсатында, профессор-оқытушылар құрамы сапалы білім беруде заманауи ғылыми-техникалық базалармен жабдықталған, түрлі құрал-жабдықтары бар, интерактивті, сенсорлы тақталарды пайдаланады. Оқу кабинеттері интерактивті тақтамен, компьютермен, заманауи тұрмыстық және өнеркәсіптік тігін машиналары Jack JK-F4, торлаулап, кестелеуге арналған Jack JK-E3-5-M2/35 тігін машиналары, бу генераторы бар электр үтіктері CHAYKA V3600 т.б. құрал-жабдықтармен жабдықталған. Студенттер түрлі жарыстар мен байқауларға, олимпиадаларға қатысып жүлделі орындар иелеліп отырады. 2023жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, жоғары оқу орындары студенттерінің XV-Республикалық пәндік олимпиадасында «Сәндік панно» номинациясы бойынша үздік жұмыс жасағаны және командалық сайыста жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін ІІІ- дәрежелі диплом иеленді.
Теміртау қаласында «Золотая нить» республикалық дизайнерлер байқауында студенттердің шығармашылық «Ақ бұлттар» әйелдерге арналған топтамасы 1-орынды иеленді.
Студенттер оқу, кәсіби, педагогикалық практика барысында облыс аймақтарының және Тараз қаласының №38,12,53,47,48,16,50,5,7 орта мектептер мен гимназияларымен тігін шеберханаларымен келісім шарт негізінде кәсіби практикадан өтеді. Студенттердің теориялық білімін практикамен ұштастыру мақсатында дуалды оқыту жүйесі бойынша Тараз қаласы, №38 орта мектебі коммуналды мемлекеттік мекемесімен келісім шарт жасалып, студенттер білімін кәсіби практика барысында шыңдап отырады. Білім беру бағдарламасында жастарды шығармашылыққа баулу мақсатында «Шебер қолдар» үйірмесі жұмыс істейді.
6В01405 - «Көркем еңбек және сызу» білім беру бағдарламасы
6В01405 - «Көркем еңбек және сызу» білім беру бағдарламасының профессор-оқытушылар құрамыбілікті мамандар дайындау бағытында оқу процессін жүйелі, жоспарлы және шығармашылық процесінде әдістемелік құралмен қамтамасыздандыру, білім берудің заманауи технологиялары мен оқытудың интерактивті әдістерін, инновациялық технологиялар мен оқытудың белсенді әдістеріноқу үдерісінде кеңінен қолданады. Кабинеттер арнайы оқу әдістемелік құралдармен, интерактивті, сенсорлы тақталармен, компьютерлермен, шығармашылық жұмыс істеуге арналған гипстік мүсіндер, розеткалар, торстар, склеттер, муляждар, саз балшық, пластилин, планшеттер, мольберттер т.б жабдықталған. Кафедраның оқытушылары студенттермен бірге түрлі байқаулар мен жарыстарға стартап жобаларына жетекшілік жасап, белгілі мерзім ішінде зерттеу жұмысын қорғауды жүзеге асырып отырады. Білім беру бағдарламасы бойынша студент Абумансұр Тұрар 2023жылы TARAZ HUB, Аstana hab, Астана қаласында өткен Astana Cretive Days - UIRENстартап жобасына, Қарағанды қаласында EcosystemERG–кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша институт тарапынан оқуға барып кәсіпкерлік білімін жетілдірді жәнеTurar_worksop-тері, былғары бұйымдарын жасау кәсіпкерлік жобасы бойынша Республикалық «Әрекет» және Бизнес-батл жобаларына қатысып сертификаттар иемденген. ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастырумен «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша «Үздік заманауи өнер суретшісі» финалист дипломының иегері.
Студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарына үнемі қатысып жүлделі орындар иеленіп отырады Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияда 3-курс студенті Абумансұр Тұрар 2-дәрежелі, 2022-2023 оқу жылында 1-дәрежелі дипломдармен марапатталды, жетекшісі аға оқытушы С.Б. Шокалакова.
Білім беру бағдарламасының профессор-оқытушылар құрамы жас суретшілер мен шеберлердің көркемдік қызығушылықтарын арттыру, эстетикалық талғамын, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру, дамыту мақсатында облыстық, республикалық, халықаралық түрлі жарыстар, симпозиум, байқаулар ұйымдастырып отырады. Мысалы, облыстық дәстүрлі «Өлке өркениеті» байқауы, халықаралық «Ұлы дала өркениеті» суретшілер симпозимуы т.б.
Студенттер оқу, кәсіби, педагогикалық практика барысында облыс аймақтарының және Тараз қаласының №38,12,53,47,48,16,7,5,7,23 орта мектептер мен гимназияларымен келісім шарт негізінде кәсіби практикалар өтеді. Студенттердің теориялық білімін практикамен ұштастыру мақсатында дуалды оқыту жүйесі бойынша Тараз қаласы, №47 орта мектебі коммуналды мемлекеттік мекемесімен келісім шарт жасалып, студенттер білімін тәжірибе барысында шыңдап отырады. Білім беру бағдарламасында студенттерді шығармашылыққа баулу мақсатында «Сырлы қалам» үйірме жұмысы жұмыс істейді.
7М01401 -"Кәсіптік оқыту" білім беру бағдарламасы
7М01401- «Кәсіптік оқыту» (сала бойынша) білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық магистратура тереңдетілген ғылыми-педагогикалық даярлығы бар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі.
Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру жүйесінде педагогикалық, оқу-өндірістік және ұйымдастыру-әдістемелік қызметті жүзеге асыру үшін тиісті тұлғалық және кәсіби құзыреттілікке ие педагогикалық ғылымдар магистрлерін даярлау;
- іргелі ғылыми немесе кәсіби дайындығы бар, заманауи ақпараттық технологияларды меңгерген, зерттеу саласын жүйелі түсінуді көрсететін, ғылыми экспериментті шебер ұйымдастыратын, ұлттық немесе халықаралық деңгейдегі жарияланымдарда өз зерттеулерінің нәтижелерін ресімдейтін магистрлерді даярлау.
7М01401 – «Кәсіптік оқыту» (сала бойынша) бағыты бойынша білім алушы магистранттары жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіннің талаптарына сәйкес жалпы мәдени және кәсіптік құзыреттерді қалыптастыру және қалыптастырылған құзыреттерді іске асыруға мүмкіндік алады. Магистранттарға PhD докторантурада оқуды табысты жалғастыруға, жоғары білікті құзыретті мамандардың ғылыми-педагогикалық қызметін табысты іске асыруға мүмкіндік береді.