COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / ITII HACKATHON-2023

ITII HACKATHON-2023

Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институтында Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы және «AVR Group» компаниясымен бірлесіп мектеп оқушылары, колледждер және ЖОО студенттерінің қатысуымен Бірінші өңірлік "ITII HACKATHON-2023" іс-шарасы бастау алды.
ITII HACKATHON – стейкхолдерлердің өңірдің дарынды ІТ-мамандарымен бірлесіп экономиканың нақты секторлары үшін IT шешімдерін іздеу мақсатына арналған платформа.
Бүгінгі таңда ITII HACKATHON-ға IT саласындағы мәселелерді шешуге дайын 80 команданы құраған 350-ге жуық мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері тіркелді.
Хакатонға еліміздің технологиялар, ІТ технологиялар саласынан 20-ға жуық мамандар эксперттер, менторлар ретінде тартылды.
"ITII HACKATHON-2023" бас демеушілері: ЦентрКредит Банк, Chinese.kz.taraz білім беру орталығы және "AMRE" маркетингтік және жарнамалық бірлестіктер қауымдастығы. Хакатонда бас демеушілерден бекітілген 4 кейс бойынша 4 жүлделі орын жоспарлануда. Жалпы жүлде қоры 1000000 т. құрайды. Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ үздік командаға оқуға грант ұсынды.
Бүгінгі форумда институт базасында «Zhambyl Hub» құру туралы Ұлттық технопарк «Astana Hub», Жамбыл облысы әкімдігі және Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институт арасында 3 жақты меморандум қабылданды.
Осы форумды біздің өңірде IT қозғалыс мәдениетін дамыту мақсатында жас және талантты IT-мамандарды дайындау үшін жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.
Осы іс-шара жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өңірді цифрландыруға зор үлес қосатынына сенімдіміз.