COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР МЕН СТУДЕНТТЕР

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР МЕН СТУДЕНТТЕР

2022 жылдың 18-қазанынан бастап зау тұлға Шерхан Мұртаза есімін иеленген жоғары оқу орнындағы жаңа оқу жылының алғашқы аптасы Халық жазушының шығармашылық мұрасына арналды.

«Шерхан Мұртаза – тәуелсіз еліміздің көрнекті тұлғасы» атты апталық барысында бүгін, «Шығармашылық» факультетінің 1-курс студенттеріне «Рухани жаңғыру және Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері Тамабаева Қаракөз Өмірзаққызы мен Кембаева Айнұр Тұрарқызы дәріс оқыды.

Таңдауы Шерхан институтына түскен студенттерге кесек тұлға, кенен дарын шығармашылығы мен қайраткерлік тұлғасы, адамдық болмысы туралы жан-жақты баяндалды.

«Тәуелсіздік – тарихтан жеткен ұлы сый» деп туған халқы мен мемлекетінің жоғын жоқтап, ұлттық құндылықтарымыздың шын жанашыры болған Шерхан Мұртазадай ұлы тұлға шығармашылығын насихаттау, ғылыми-зерттеу жұмыстарына студенттерді тарту, білікті маман ретінде қалыптасуында тұлғатанудың мән-маңызын ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған апталық барлық факультеттерде жалғасатын болады.

Болашақта ректор дәрістері оқытылып, жұлдызы нұрлы суреткер, дарынды драматург, ойшыл, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза шығармашылығы - әрбір адамның рухани мектебі, тәрбие арнасы екені даусыз.