COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Бүгін Кореяның Кемпук ұлттық университетінен келген делегация арнайы оқу орнымызға келді

Бүгін Кореяның Кемпук ұлттық университетінен келген делегация арнайы оқу орнымызға келді

2023 жылғы 19 қыркүйекте Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты бірлескен ғылыми жобаларды талқылау мақсатында Кореяның Кемпук Ұлттық университетінен делегация келді.

Бағдарлама бойынша күннің бірінші жартысында делегация институт басшылығымен кездесіп, мұрағат, кітапхана, студенттер үйі мен әкімшілік ғимаратқа экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар институт ректоры Марат Баяндин басшылығымен жаратылыстану факультетінің профессор-оқытушылар құрамымен жобаны талқылау бойынша жиналыс өтті.

Кемпук Ұлттық университетінен келген делегацияның негізгі мақсаты: жаратылыстану ғылымдары пәндері оқытушылары мен мұғалімдерінің ғылым саласындағы әлеуетін арттыру бойынша жұмыс жасайтын білім беру орталығын Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының құрамынан ашу болып табылады.

Болашақта аталған орталық институт профессор-оқытушылар құрамы мен мектеп мұғалімдерінің жаратылыстану пәндері бойынша ғылыми жобаларына қолдау көрсетіп, әлемдік тәжірибеде бағыт-бағдар беретін, жемісті орталық болуына кәміл сенеміз.