«Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасындағы дуалды оқыту
2020-2021 оқу жылында Халықаралық Тараз инновациялық институты «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» ЖФ АҚ-мен (№19 28.08.2020ж келісім шарт ) және «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ЖФ -мен (№20 28.08.2020ж. келісім шарт) «Дуалды оқыту», кәсіптік практика, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша серіктестік, мемарандум келісім шарттары жасалынды.
Жоғарыда аталған «Стандарттау және сертификаттау» саласындағы алдыңғы қатарлы мекемелермен «Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедра мамандықтары тығыз қарым қатынаста жұмыс атқаруда.
Кафедра филиалдары оқу үрдісінің жұмыс берушінің сұранысына бейімделуіне, мамандар дайындау бойынша білім беру бағдарламасын бірігіп жасауына, еңбек нарығын зерттеуге көмектеседі, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын ұйымдардың нақты сұраныстарына сәйкес жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.
2020-2021 оқу жылының 2 семестрі аралас оқыту форматына ауысуына байланысты «Стандарттау және сертификаттау» мамандығының студенттері «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» ЖФ АҚ-менжәне «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ЖФ-да дуалды оқыту жүйесі бойынша білімдерін шындауда.
Мекеменің құзыреттілігіндегі барлық зертханалық кабинеттер мен аудиториялар студенттер мен оқытушылардың пайдалануына мүмкіншілік берілді.
Кафедра бітірушілеріне кәсіпорыннан тәжірибелі білікті мамандар дипломдық жұмыстарына жетекшілік етуде. Мысалы, «Стандарттау және сертификаттау» мамандығының 4 курс студенті Абенов А. қазіргі уақытта «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығында» кәсіби практикадан өтуде, сонымен қатар мекеменің директоры Ахметова Д.С. «Сүт және сүт өнімдерінің технологияларын жетілдіру арқылы – сапаны басқару жолдары» тақырыбы бойынша дипломдық жұмысқа жетекшілік жасауда.
Кафедра оқытушылары «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» ШҚРМ кәсіпорнында әр 3 жыл сайын 72 сағаттық тығылымдамадан өтіп отырады.
Кәсіби практикада, дуалды оқытуда студенттер, магистранттар тауарлардың физика-химиялық әдістерінің әдістемелік нұсқауларымен, стандарттарымен тәжірибе жүзінде танысады. Сонымен қатар әдістемелік нұсқауларды, стандарттарды қазіргі заманғығылыми зерттеу әдістері (қышқылдықты анықтау, ылғалдылықты анықтау, күлділікті анықтау, шұрықтылығын анықтау және т.б.) мен тәжірибелік конструкторлық, технологиялық, жобалық жұмыстардың жетістіктеріне негізделе отырып әзірленуін талдайды. Сонымен қатар басқа шетелдік, халықаралық, аймақтық, ұлттық жоғары деңгейдегі стандарттардың талаптары ескере отырып сараптайды.
«Стандарттау және ветеринариялық
санитария» кафедрасының меңгерушісі П.М.Маликтаева