«ЖАС МАМАН-2021»
Халықаралық Тараз инновациялық институты мен Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен аралас форматта 2021жылдың 31 наурызда мамандықтар бойынша өткен«Жас маман-2021» жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша түлектерге мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында кездесу өтті.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Жамбыл облыстық әкімдігінің білім бөлімінің, Тараз қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының, Жамбыл облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлік ұлттық палатасының, Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты төрағасының басшылары және 25-тен аса мекеме өкілдері қатысты.
Интитутта бітірушілерді жұмыспен қамту бойынша 2020-2025 жылдарға 7 бағыттан туратын Жол картасы бекітілген. Негізгі бағыттары өңірдегі жұмыс берушілермен байланыс, маман сұранысының мониторингі, Жамбыл облысының жұмыспен қамту орталығына тіркелген бітірушілерге қолдау ету, біліктілікті жоғарлату курстарын ұйымдастыру, жұмыс берушілерді тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету.
Биыл институтты 610 түлек бітіргелі отыр. Институтта жылына дәстүрлі түрдежастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойыншакездесу ұйымдастырылып, оған өңірдегі көптеген мекемелер мен ұйым өкілдері шақырылады. Өңірдегі68жұмыс берушілермен нақты келісімдер де бар. Бүгінгі таңда 10 жылдан аса тарихы бар оқу орнының түлектері еліміздің әр аймақтарында жемісті жұмыс жасауда.
Институтта білім алып жатқан 6000-ға жуық білімгердің басты арманы жақсы жұмысқа орналасу екендігі анық. Ол үшін қандай мекемеге қалай орналасу керектігін жетік меңгеруі тиіс.Тараз қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының жастар практикасы бойынша жауапты маман Мауленкулова Ляззат Алатхановнажастарға жұмысқа орналасудың жолы мен тәртібін түсіндірсе, № 23 орта мектебінің директорыРысбаева Ардақ Абдурахимбайқызыинститутымыздың педагогика мамандығының студенттері практикадан өте жақсы өтіп жатқандықтары туралы мәлімдемесін айтып, биология, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі пәніннің мұғалімдерін жұмысқа шақырды. Облысымыздың ірі кәсіпорынның бірі «Казфосфат» ЖШСзауытының Сапа жөніндегі бас маманы Байкенжеева Дильборам Қуанышқызыда өз баяндамасын жасап студенттерді қызықтырып жұмысқа шақыратындығын туралы айтып жеткізді. Жаратылыстану мамандықтарына келсек, Қазақстан Стандарттау және сертификаттау институтының Жамбыл филиалыныңдиректоры Мынбаев Асқар Құрмановичте өз түсіндірме баяндамасын студенттерге жеткізді.
Институттың Бірінші проректоры, тар.ғ.д., профессор А.Б.Абдуалыинститут туралы, жұмыс берушілермен студенттер арасындағы байланыстар туралы мағлұматтарын баяндады. Өз сөзінде ХТИИ түлектері бүгінде түрлі салада жемісті еңбек етіп, оқу ордамыздың беделін арттырып жатқандығын тілге тиек етті. Сонымен қатар, жұмыс берушілермен үнемі байланыста және институтты бітірген мамандар оларды толық қанағаттандырып отырғанын айтты. Кездесуге келген қонақтарды институттың алдағы жоспарларымен таныстырды. ХТИИ бәсекеге қабілетті әрі сапалы білім, саналы тәрбие бере алатын іргелі оқу орнына айналып келе жатқанын айтқан проректор алдағы уақыттада институт даму қарқынын арттыратынын жеткізді.
Жиын соңында институтты бітіргелі отырған студенттер жұмыс беруші мекеме өкілдерімен жеке сұхбаттар жасап, мол мәліметтер алды.