Персоналды басқару және құжат айналымы департаменті
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Маркетинг және жарнамалар» департаменті бастығы қызметіне бос орынға вакансия жариялайды.
Қойылатын талаптар:
1) «Журналистика» мамандығы бойынша жоғары білімі бар және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес еңбек тәжірибесі;
2) Институттың имидждік саясаты мен PR іс-шараларын, кәсіби бағдар жұмыстарын тұрақты жүргізу;
3) Институт сайтын жаңарту, жұмысын жүргізу;
4) жаңалықтарды, хабарландыруларды, ақпараттық материалдарды, баспа, аудио, фото және бейнеөнімдерді әзірлеу, редакциялау және орналастыру;
5) БАҚ та институт жайлы мәліметтерді тұрақты түрде орналастыру;
6) Телеарналар мен радиоға шығу;
7) Жылжымалы іс шаралар өткізу;
8) Институт ұжым имиджін арттыру бойынша әлеуметтік желілерде (Facebook, ВКонтакте, Instagram, TikTok т.б.) белсенді топтарды ұйымдастыру;
9) Facebook, ВКонтакте, Instagram т.б. желілерге инфо-графика, роликтер, посттар мен ақпараттар, интернет-жарнамалар орналастыру;
10) Әлеуметтік желілерге институттың жаңалықтары мен хабарландыруларын салу, әр-түрлі мәдени-қоғамдық жұмыстарға қатысу.
Мекен-жайымыз: Ш.Мұртаза көшесі, 101а
Тел: 87013427212