COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Хабарландыру / Хабарландыру!

Хабарландыру!

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты оқу орнымыздың 15 жылдығы мен 28 қыркүйек Ш.Мұртазаның 91 жылдығына орай «Шыңдағы шынар ШЕРХАН» атты үздік пост байқауын жариялайды!

Байқаудың мақсаты – Тәуелсіз елде туып, еркін ойлайтын Тәуелсіздіктің талантты жастарының азат ойлары мен кемел білімдерін бүгінгі қоғам игілігіне жарату. Ш.Мұртаза шығармашылығын насихаттау.
Постқа қойылатын талаптар:

- Пост көлемі 100 сөзден аспауы қажет;
- Берілген тақырыптан ауытқымау керек;
- Цитаталар болуы шарт.
Пост үш түрлі талап тұрғысынан бағаланады:
1. Мазмұны, ой тереңдігі – 10 ұпай
2. Посттың жазылу стилі – 10 ұпай
3. Емле, тыныс белгісі – 10 ұпай.
Байқауға 1-4 курс студенттері мен магистранттары қатыса алады.
Байқау қорытындысы 28 қыркүйекте жарияланады. Жеңімпаздар арнайы имидждік, мерч өнімдерімен марапатталады.

Пост Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына қыркүйек айының 26-на дейін жолдану керек.
Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс телефондарына хабарласуға болады: 8 7028355352, 87051172750 Бахтияр Арманұлы