COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Басты бет / Медиа / Хабарландыру / Хабарландыру!

Хабарландыру!

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институты 2023-2024 оқу жылына факультет декандары мен профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

 

 

«Жаратылыстану» факультеті бойынша:

 

1 «Жаратылыстану мамандықтар» кафедрасына:

Кафедра меңгерушісі – 1; қауымдастырылған профессор (доцент), профессор (доктор немесе техника (немесе физико-математикалық) ғылымдарының кандидаты, философия докторы PhD)– 5; аға оқытушы – 3.  

2 «Стандарттау және ветеринария» кафедрасы:

Қауымдастырылған профессор (доцент) (ветеринария (немесе техника) ғылымдарының кандидаты немесе философия докторы PhD) –3, аға оқытушы – 3,  оқытушы – 1.

3 «Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» кафедрасына:

Кафедра меңгерушісі – 1; қауымдастырылған профессор (доцент), профессор – 3; аға оқытушы – 2,  оқытушы – 2.

4 «Биология және ауылшаруашылық мамандықтар» кафедрасына:

Кафедра меңгерушісі – 1; қауымдастырылған профессор (доцент), профессор (доктор немесе биология (немесе ауылшаруашылық) ғылымдарының кандидаты, философия докторы PhD) – 3, аға оқытушы – 3, оқытушы – 1.

5 «Тарих және география» кафдрасына:

Кафедра меңгерушісі – 1; қауымдастырылған профессор (доцент), профессор (доктор немесе философия (немесе тарих, география) ғылымдарының кандидаты, философия докторы PhD) – 3; аға оқытушы – 2; оқытушы – 1.

 

«Педагогика» факультеті бойынша:

 

1.  Факультет деканы – 1;

2. «Жалпы педагогика» кафедрасына:

Кафедра меңгерушісі – 1, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор (доктор немесе педагогика ғылымдарының кандидаты, философия докторы PhD) – 3; аға оқытушы – 2, оқытушы – 4.

3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы - кафедра меңгерушісі – 1, аға оқытушы (орыс тілі)  – 4, оқытушы – 1.

4. «Шетел тілдері» кафедрасына:

Кафедра меңгерушісі – 1, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор (доктор немесе педагогика ғылымдарының кандидаты (филология), философия докторы PhD) – 4, аға оқытушы (ағылшын тілі) - 4, оқытушы (қытай, корей, түрік тілдері) – 2.

 

«Шығармашылық мамандықтар» факультеті бойынша:

 

1. «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасына:

қауымдастырылған профессор (доцент) – 8, аға оқытушы – 6, оқытушы – 2.

 

2. «Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар» кафедрасына:

қауымдастырылған профессор (доцент), профессор (педагогика ғылымдарының кандидаты, философия докторы PhD) – 3, аға оқытушы – 3.

 

«Заң» факультеті бойынша :

 

1. «Азаматтық және қылмыстық құқық» кафедрасына:

Кафедра меңгерушісі – 1, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор (доктор немесе заң ғылымдарының кандидаты, философия докторы PhD) – 3, аға оқытушы – 4.

 

2. «Мемлекеттік-құқықтық пәндер» кафедрасына:

Кафедра меңгерушісі – 1, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор (доктор немесе заң ғылымдарының кандидаты, философия докторы PhD) – 3, аға оқытушы – 3.

 

«Экономика және бизнес» факультеті бойыншша:

 

1. «Қаржы және есеп» кафедрасына:

Кафедра меңгерушісі – 1, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор (доктор немесе экономика ғылымдарының кандидаты, философия докторы PhD) – 3, аға оқытушы - 4, оқытушы – 1.

2. «Экономика және басқару» кафедрасына:

Кафедра меңгерушісі – 1, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор (доктор немесе экономика ғылымдарының кандидаты, философия докторы PhD) – 3, аға оқытушы - 7.

 

Конкурсқа қатысушы тұлғаларға (біліктілікке) қойылатын талаптар:

 

Факультет деканы:

 

Біліктілікке қойылатын талаптар: 

- жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі;

ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы, PhD дәрежесі;

білім ұйымдарындағы басшылық қызметте немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл еңбек өтілі болуы тиіс;

факультетті дамыту бағдарламалары - факультет деканының бос лауазымына орналасу конкурсына қатысатын тұлғалар үшін;

менеджмент саласындағы соңғы үш жылдағы біліктілік, біліктілікті арттыру курстарын бітіргені туралы сертификат (куәлік),

оқытылатын пәндер бейініне сәйкес оқу курсы соңғы үш жылдағы 72 сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат (куәлік).

 

Кафедра меңгерушісі:

 

Біліктілікке қойылатын талаптар: 

- жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі;

ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы, PhD дәрежесі;

білім ұйымдарындағы басшылық қызметте немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл еңбек өтілі болуы тиіс;

кафедраны дамыту бағдарламалары - факультет деканының бос лауазымына орналасу конкурсына қатысатын тұлғалар үшін;

менеджмент саласындағы соңғы үш жылдағы біліктілік, біліктілікті арттыру курстарын бітіргені туралы сертификат (куәлік),

оқытылатын пәндер бейініне сәйкес оқу курсы соңғы үш жылдағы 72 сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат (куәлік).

 

Профессор:

           

Біліктілікке қойылатын талаптар: 

- жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі;

ғылыми дәрежесінің, PhD дәрежесінің немесе «профессор» ғылыми атағының болуы;

ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;

оқытылатын пәндер бейініне сәйкес оқу курсы соңғы үш жылдағы 72 сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат (куәлік);

ғылыми жұмыстар мен өнертабыстарының тізімі, соңғы 5 жылда кемінде  3 ғылыми мақала.

 

 

Қауымдастырылған профессор (доцент):

 

Біліктілікке қойылатын талаптар: 

- жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі;

ғылыми дәрежесінің, PhD дәрежесінің және (немесе) «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағының болуы;

ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;

оқытылатын пәндер бейініне сәйкес оқу курсы соңғы үш жылдағы 72 сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат (куәлік);

ғылыми жұмыстар мен өнертабыстарының тізімі, соңғы 5 жылда кемінде 3 ғылыми мақала.

 

Аға оқытушы:

 

Біліктілікке қойылатын талаптар: 

- жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі;

ғылыми дәрежесінің және (немесе) PhD дәрежесінің немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы;

жоғары оқу орындарында және (немесе) ғылыми-зертеу институттарында  ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 1 жыл;

оқытылатын пәндер бейініне сәйкес оқу курсы соңғы үш жылдағы 72 сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат (куәлік);

соңғы 5 жылдағы ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың (болған жағдайда), ғылыми мақалалардың тізімі.

 

Оқытушы:

 

Біліктілікке қойылатын талаптар: 

- жоғары (специалитет) және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі (магистр академиялық дәрежесінің болуы);

оқытылатын пәндер бейініне сәйкес оқу курсы соңғы үш жылдағы 72 сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат (куәлік).

 

 

Барлық конкурсқа қатысушылар білуге міндетті:

 

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін  және жоғары білім беру жүйесінің жұмыс істеуі мен даму мәселелерін, білім беру жүйелерін басқару теориясы мен әдістерін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

        

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген институт профессор-оқытушылары мен қызметкерлері үшін төменде көрсетілген құжаттар тапсырылуы қажет:

 

-Институт президентінің атына өтініш;

-Соңғы 5 жыл ішінде қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері;

-Соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

-Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

-Наркологиялық ұйымнан анықтама;

-Білім беру бағдарламасы бойынша жобаның презентациясы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес).

 

Алғаш рет конкурсқа қатысуға тілек білдіретін тұлғалар үшін өтінішке төменде көрсетілген құжаттар қоса тапсырылады:

 

-Жеке куәліктің көшірмесі;

-Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс-парағы;

-Өмірбаян және 3×4 өлшемді 2 фотосурет;

-Жоғары білімі және академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

-Біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері;

-Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі;

-денсаулық туралы Кітапша;

-Соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

-Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

-Наркологиялық ұйымнан анықтама;

-Білім беру бағдарламасы бойынша жобаның презентациясы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес).

 

 

Осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну, өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

 

Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі – хабарландыру  жарияланған күннен бастап 14  күнтізбелік күннен кешіктірілмей, яғни 2023 жылдың 08 желтоқсанынан 21 желтоқсаны аралығында (сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін) қабылданады.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

 

Құжаттар көрсетілген мекен-жайда қабылданады:

 

080000, Тараз қаласы, Шерхана Муртаза көшесі №101 А, кабинет №202 Персоналды басқару және құжат айналымы басқармасы

 

тел.: 54-11-26;   моб.т.: +7 707 712 70 17