COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Басты бет / Медиа / Хабарландыру / Еуропада білім алу грантына конкурс!

Еуропада білім алу грантына конкурс!

 

«2024 жылға арналған академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы орындардың санын бекіту туралы» ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 15 ақпандағы № 62 бұйрығына сәйкес Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты студенттерінің Еуропалық ЖОО 1 семестр білім алуына бөлінген 2 грантқа (қаражат республикалық бюджет есебінен) конкурс жариялайды!

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

• Тәртіптік жазасы немесе академиялық қарызы жоқ бакалавриаттың 2 және 3 курс студенттері.

• GPA – 3,0 төмен емес.

• IELTS 5.5 немесе TOEFL 46 деңгейінде ағылшын тілін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1. өтініш;

2. ҚР азаматының сауалнамасы;

3. төлқұжат көшірмесі;

4. транскрипт;

5. шет тілін білуін растайтын сертификат;

6. денсаулығы туралы анықтама (075/у);

7. білім беру бағдарламасы жетекшісінің ұсыныс хаттары.

8. марапаттар, сертификаттар, жарияланымдар және т.б.;

Ұйымдастырушы: «Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар» басқармасы