COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / КИЕЛІ ЖЕРЛЕР ТАРИХЫ – ҰЛТ НЕГІЗІ

КИЕЛІ ЖЕРЛЕР ТАРИХЫ – ҰЛТ НЕГІЗІ

Халықаралық ғылым күніне орай 2022 жылдың 11-сәуірінде Жаратылыстану факультеті «Тарих және география» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жамбыл облысының киелі жерлерін тарихи-географиялық тұрғыдан зерттеу негіздері» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткізілген бұл іс-шараның маңызы мен мәні өте зор.

Кафедра меңгерушісі М.К.Ешмаханов дөңгелек үстелдің ұйымдастырылуына ерекше ден қойып, тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Сөз басында ол: «Әр халықтың, әрбір өркениеттің жалпыұлттық сипаттағы және осы халықтың әрбір өкілі білетін қасиетті жерлері бар. Бұл – рухани дәстүр негіздерінің бірі. Қазақстан үшін бұл ерекше маңызды. Біз - рухани бай тарихы бар кең елміз» , - деп рухани дүние мен географиялық белдеудегі адамдар арасындағы байланыс жөнінде салмақты ойымен бөлісті.

Дөңгелек үстелге кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттары белсенді қатысты. А.К.Ботбаев, Ж.Е.Мырзабеков, С.Тоқболатов, Ә.Қ.Бозжігітов, И.Т.Шакирбаева, Г.К.Успанова, А.Р.Джунисбекова, Д.Б.Имашова, Н.Ж.Бейбитов, П.Т.Касымкуловалар Жамбыл облысының киелі жерлерінің зерттелуі, бұл салада жасалып жатқан тың жұмыстар барысы турасында баяндамалар жасап, магистранттар тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды. Әсіресе, «Қарахан», «Тектұрмас», «Айша-бибі» этно-мәдени кешендерінің салынуы, қалыптасуы, қайта жаңартылу жұмыстарының жайы, тағы да өзге көптеген тың мәліметтер айтылды.
Дөңгелек үстел қызықты, әрі жемісті өтті.

«Тарих және география» кафедрасының PhD докторы Ж.Е.Мырзабеков