COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / ТЕАТР – МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

ТЕАТР – МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

Сәуір айының 13 күні сағат 16.00-де «Жаратылыстану» факультетінің Агр-19-1 және ӨҚК-19-1 білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері кураторы Жансая Таңсықбайдың жетекшілігімен С.Сматаев пен Т.Теменовтың «Көгілдір такси» атты мелодрамасын тамашалап қайтты. Спектакль барысында студенттер ерекше сезімдердің жетегінде болып, рухани тұрғыдан байып қайтты.

Жалпы, театр өнерінің алтын арқауы әдебиет болса, қазақ әдебиетіндегі драматургия оның жанрлық жүйесін құрап, әрекет-қимылды, тартысты тұстарын барынша бедерлі, бейнелі етіп көрсетеді.Адам баласының бейнесін , ішкі-сыртқы әсерді өмір-тұрмыстың көріністерімен де, тартыс-шиеленіс арқылы да көркем, әрі жүйелі түрде жеткізеді. Өмірдегі қилы көріністер, қоғамдық құбылыстар, адам өмірі мен тұрмысындағы жетістік-өзгерістер әдебиеттің барлық жанрында, соның ішінде драматургия жанры арқылы да ұнамды сипаттармен кең орын алады. Осыған орай, «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің ұйытқы болуымен ХТИИ студенттері мен ПОҚ-ы үнемі А.Тоқпанов атындағы драмалық театрдың тұрақты көрермендеріне айналуда. ХТИИ ұжымы мен студенттерінің рухани байып, әдебиет пен өнерді жаңғырта отырып, мәдени тұрғыдан өсуіне тікелей әсер етіп отырған орта десек қателеспейміз.

Болашақта осы үрдісті жалғастырып, институттың өзге факультеттері де театр қойылымдарын тамашалуға жіберіледі деп жоспарлануда.

ХТИИ «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші маманы Жадыра Байсақалова