Инклюзивті білім беру: мәселелері мен болашағы
2022 жылдың 15 сәуірінде Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы мүмкіндігі шектеулі студенттерді қолдау орталығы "Инклюзивті білім беру: мәселелері мен болашағы" атты халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Халықаралық дөңгелек үстел жұмысына Благоевград қ. "Неофит Рилски" Оңтүстік-Батыс университетінің, Анкара қ. Гази университетінің, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 22 спикері, DECIDE жобасының үйлестірушілері, "Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған жастар ұйымы", "Жігер"," Аяулы алақан " қоғамдық қорының өкілдері қатысты.
Халықаралық дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстандағы инклюзивті білім берудің кеңеюін, сондай-ақ, инклюзивті білім беруді одан әрі дамыту білім беру мекемелерінің нысандарын, әдістерін, оқыту құралдарын және материалдық-техникалық базасын дамытумен байланысты болуы тиіс екендігі атап өтті.
Аталған шараға Халықаралық Тараз Инновациялық институты, атап айтқанда "Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау" орталығының маманы К.К. Данике, сондай-ақ "Жалпы педагогика" кафедрасының оқытушысы М.Ғ. Хайруллаева белсенді қатысты.
Дөңгелек үстел инклюзивтік білім беру саласында тәжірибе алмасу үшін кәсіби алаң ретінде өтті. Біздің институтта инклюзивті білім беруді дамытудың жолдары мен тәсілдері белгіленді.