Бітіруші студенттермен педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы ұйымдастырылды
Оқу жұмыс жоспары мен оқу үрдісінің кестесіне сәйкес 2021-2022ж. оқу жылындағы 5В010200-«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» 4 курс студенттері 5 апталық педагогикалық, 4 апталық дипломалды практикаларын Тараз қаласының №23, №44, №12, №53 мектептерімен өткізілді.
Педагогикалық практика барысында студенттің педагог ретінде кәсіби қалыптасуы осы кезеңдегі жұмыстың жоғары дәрежеде болуына тікелей байланысты болып табылады. Қоғамдағы жаңа әлеуметтік жағдай, әлемдік мәдени-білім кеңістігіне ену, өркениетті елдерге педагогика ғылымы және білім беру жүйесі дамуының қазіргі кездегі тендециялары, әлемдік деңгейдегі педагогика және психология ғылымында жинақталған тәжірибелерді талдау нәтижесі білімді педагог мамандарды дайындауды қажет етеді.
Студенттер практика өту барысында болашақ кәсіби қызметтерінің маңызды жақтарын меңгерді. Ұжымды қалыптастыру әдістемесін, оқушылардың зейінін, ойлау қызметін ұйымдастыру мен оқытудың әдіс-тәсілдерін бейімделу кезеңіне сәйкес мұғалім қызметімен танысып, тәжірибе жинақтады.