COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ: ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ: ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

2022 жылдың 18 сәуір мен 22 сәуір аралығында Халықаралық Тараз инновациялық институты, «Педагогика» факультетінің ұйымдастыруымен А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ: ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК» (ҒЫЛЫМ, ТӘРБИЕ, РУХАНИ-ЖАҢҒЫРУ) тақырыбында аймақтық апталық өткізілді. Аймақтық апталық қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналды.
Аймақтық апталыққа Халықаралық Тараз инновациялық институтының Ғылым және коммерциялау жөніндегі ректордың кеңесшісі, э.ғ.д., профессор Тажибаев Серік Дүйсенәліұлы, «Педагогика» факультетінің деканы, ф.ғ.к. Қожаева Маржан Төреқұлқызы, «Тәрбие жұмыстары мен саналы ұрпақ» бөлімінің басшысы Нуркина Роза Назарқызы, «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің бастығы Мусаева Алия Январбекқызы, «Шерхантану және рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Кембаева Айнұр Тұрарқызы қатысты.
Аймақтық апталық бекітілген жоспар бойынша 4 бағытта жұмыс жасады. 18 сәуір күні апталықтың ашылу өткізілді. Пленарлық мәжілісте 9 баяндама тыңдалды.
19 сәуір күні «Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық жолдары» атты дөңгелек үстел өткізілді.
20 сәуір «Ахмет. Ұлт ұстазы» деректі фильм (талқылау, ой қосу) студенттер үйінде өткізілді.
21 сәуір «Алаш көсемі – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында аймақтық эссе байқауы және «Орыс тілі» пәні бойынша пәндік олимпиада өткізілді.
22 сәуір Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы: дерек пен дәйек» атты аймақтық апталықтың жабылуы.
«Педагогика» факультетінің деканы, ф.ғ.к. Қожаева Маржан Төреқұлқызы апталықты қорытындылады. Іс-шараның өткізілу барысына, мақсаты мен міндеттеріне ерекше тоқталып өтті.
Апталық соңында қатысқан мектеп оқушылары, ғылыми жетекшілері, студенттер ректордың алғыс хаттарымен марапатталды.


Пертаева Эльмира Құлибайқызы
ХТИИ, «Педагогика» факультеті,
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к.