Менің арманым
Шымкент қаласы «Орталық Азия инновациялық университетінде» жариялаған жоғары оқу орындары, колледж студенттері мен магистранттар арасындағы «Менің арманым» атты Республикалық жастар бизнес-стартап жобасы байқауына Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Экономика және басқару» кафедрасының студенттері 3 бизнес-жобаны ұсынып, бірінші кезең нәтижесі бойынша МЖБ-20-1 топ студенті Берді Ерасыл мен жетекшісі Жарас Алпысбайұлы Қуатбековтың бизнес-жобасы екінші кезеңге өткен болатын.
Сәуір айының 22 күні МЖБ-20-1 топ студенті Берді Ерасыл мен жетекшісі Жарас Алпысбайұлы Қуатбеков Шымкент қаласында ұйымдастырылған екінші кезеңге қатысып, студент бизнес-жобаны өз деңгейінде қорғап шықты.
Ерасылдың бизнес-жобасы үздік танылып, «Менің арманым» атты Республикалық жастар бизнес-стартап жобасы байқауының нәтижесі бойынша ІІ дәрежелі Диплом мен қаржылай марапатталды.
Сонымен қатар, жоғары интеллектуалды шәкірт дайындағаны үшін институт ректоры Ерболат Саурыков атына Алғыс хат берілді.
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!