РЕФЕРЕНДУМ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мамыр күні Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
Референдум - қоғам арасында қызу талқыланып, қолдау тауып отыр. Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту - халықтың ойын еркін білдіруінің айқын көрінісі болып табылады.
ХТИИ ұжымы Конституциялық реформаның маңыздылығын терең түсіне отырып, алдағы референдумды өткізуді толық қолдай отырып, бұл науқанның мән-маңызын халыққа, студент жастарға жан-жақты түсіндіру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Референдум мен Конституциялық реформаның маңыздылығын түсіндіріп, аса жауапты кезеңде жерлестерімізді осынау саяси оқиғадан тыс қалмай, референдумға бір кісідей қатысуға шақырамыз.