«Халықаралық Тараз инновациялық институтына қарасты Экономика және бизнес факультетінің Ашық күні» акциясы өтті
17 мамыр күні «Экономика және бизнес» факультетінің ұйымдастыруымен «Халықаралық Тараз инновациялық институтына қарасты Экономика және бизнес факультетінің Ашық күні» акциясы өтті.
Іс-шараның мақсаты – Өңірдегі заманауи білім ордасымен мектеп оқушыларын, болашақ студент жастарды таныстыру. Бас оқу ғимаратынан бастау алған танысу экскурсиямыз оқу корпустарын таныстырумен, заман талабына сай жабдықталған ғылыми зерттеу орталықтарымен жалғасын тапты.
Болашақ студенттерге қызықты болатындай салынған «Студенттер үйі», заманауи кітапхана орталығы, спорттық кешен мен жақында ашылған «Қысқы саябақты» көрген оқушылар өз әсерімен бөлісіп, тәнті екендерін жеткізді. Бұл іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.