COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР ЖӘНЕ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР!

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР ЖӘНЕ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР!

Сіздерді 25 мамыр оқу жылының аяқталу мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаздар қауымы «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»- дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары сіздердің білімдеріңіз бен біліктеріңізге жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіңірген еңбектеріңіз үшін алғысымды айтамын.

Барша жас түлектерді алдағы сынақтардан жоғары нәтижелер көрсетіп, еліміздің білікті де білімді маманы атануларыңызға тілектеспін!
Ізгі тілекпен, ректор Ерболат Саурыков.