ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ АШЫЛДЫ
6В06 – Ақпараттық технологиялар бағыты бойынша 6В06105- «COMPUTER SCIENCE» инновациялық қос дипломды білім беру бағдарламасы.
«COMPUTER SCIENCE» білім беру бағдарламасының мақсаты - IT-технологиялар және полиграфия саласына бәсекеге қабілетті, заманауи бағдарламалау технологияларын және білім беру бағдарламасының практикаға бағытталған негізінде ақпаратты өңдеудің бағдарламалық-аппараттық кешендерінде (3D принтер, УФ-принтер, лазерлік-нақыштау құрылғысы) жұмыс істеу дағдыларын меңгерген мамандарды даярлау.
Қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқуды сәтті аяқтаған студенттерге қазақстандық және шетелдік диплом (ХТИИ және серіктес Варна еркін университеті) беріледі.
Білім беру бағдарламасын бітірген студент IT бағытында келесі қызметтерді атқара алады:
- Программалық қамтаманы жобалау жетекшісі;
- 3D- жобалаушы;
- Графикалық және қолданбалы интерфейс дизайны маманы;
- Ақпараттық технологиялар менеджері;
- Ақпараттық-коммуникациялық жүйелердің администраторы