COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / “Бір үйдің баласындай” атты креативті жастар кеші өтті

“Бір үйдің баласындай” атты креативті жастар кеші өтті

27.05.2022 Халықаралық Тараз инновациялық Институтының Студенттер үйінде “Тәрбие жұмыстары және саналы ұрпақ бөлімі” және Студенттік өзін-өзі басқару құрылымының ұйымдастыруымен
“Бір үйдің баласындай” атты креативті жастар кеші өтті.

Кеш Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Құлабекова Гүлшат Қамбарбекқызының құттықтау сөзімен бастау алды. Студенттік ректор Берді Ерасыл өз кезегінде замандастарына ыстық лебізін білдіре отыра, әрмен қарай жалынды жастар қатарының көбеюіне бірге ат салысып институт имиджіне кір келтірмей сапалы білім алып саналы да тәрбиелі жас болуға шақырды. Мерекелік кеш, жыл қорытындыларын марапаттау рәсімімен жалғасты.

Марапаттау рәсімінде жыл бойы Студенттер үйінде еңбек еткен студент жастарға институт ректорының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары табыс етілді. Марапат алған студенттерге тамақтануға, кино көруге, аруларымызға сұлулық салондарға сертификаттар және арнайы креативті сыйлықтар табыс етілді.

Сонымен қатар 26.05.2022 күні өткізілген кіші футболдан “Студенттер үйінің ауыспалы кубогының” жеңімпаздары осы кеште марапатталды. 3 орынды “Қанағат” тобы, 2 орынды “Шаңырақ” тобы, 1 орынды “DEBAR” тобы иеленді. Студенттер үйінің ауыспалы кубок жеңімпаздары “Бір үйдің баласындай” атты креативті жастар кешінде арнайы дипломдармен және кубокпен марапатталды.

Кеш жоғарғы деңгейде өтті. Арнайы ойындар мен оқу ордамызға байланысты креативті сұрақтар қойылды. Мерекелік кеш көңілді би алаңымен және мерекелік дастарханмен өз жалғасын тапты.