COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Менің қаруым - қалам мен газет

Менің қаруым - қалам мен газет

Бүгін қазақ руханиятының бәйтерегі Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерекесіне орай Халықаралық Тараз Инновациялық Институты әкімшілік оқу ғимаратының конференция залында "Менің қаруым - қалам мен газет" атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Басқосу ХТИИ жаңа ғимаратында жаңадан жабдықталған "Шерхантану" ғылыми зерттеу орталығының ашылуы салтанатымен басталды.

Институт президенті Ерболат Саурыков Шерағаның 90 жылдық мерейтойы барысында атқарылып жатқан жұмыстар барысы мен оқу ордасына Шерхан Мұртазаның есімін беру жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын айтты.

Жиынға жазушы-драматург, Шерхантанушы Елен Әлімжан, Aulieata-media" ЖШС-ның директоры Оралхан Дәуіт, "Жас Алаш" газетінің аймақ бойынша меншікті тілшісі Н.Әлдибек, облыстық "Aq jol" газетінің бас редакторы Х.Есаман т.б. зиялы қауым өкілдері, ПОҚ құрамы, студент жастар қатысты.

Басқосу барысында студенттер ізгі тілектерін айтып, сұрақтарын қойып, өз арнауларын жолдады.