COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Сапалы мамандар

Сапалы мамандар

Жамбыл облысындағы кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық бағыттарды дамыту мен отандық еңбек нарығына жаңа мамандықтар атласы негізінде «сапалы мамандар» даярлау мақсатымен ағымдағы оқу жылының басында Халықаралық Тараз Инновациялық Институты даярланататын мамандықтарға арнайы «Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар басқармасы» мамандары факультет декандары, кафедра меңгерушілерімен бірлесе бенчмаркинг жүргізіліп, әрбір мамандық үшін оқу ақысы, географиялық орны, ПОҚ құрамының ортақ ғылыми-зерттеулері бойынша сәйкес ТМД, Шығыс Азия және Батыс Еуропаның серіктес, жетекші шетелдік ЖОО (QS- рейтинг бойынша көшбасшылар) таңдап алынды.

Мәселен, ТМД елдері бойынша болашақ экономика және бизнес саласының мамандары үшін, Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университеті, жаратылыстану ғылыми-зерттеу бағытындағы болашақ агроном, ветеринар, ауыл шаруашылығы бойынша халықаралық стандарттау, сертификаттау саласының мамандары үшін Санкт-Петербург мемлекеттік аграрлық университетімен, Шет тілі: екі шет тілінің болашақ мамандары үшін өндірістік қытай тілі, қолданбалы ағылшын тілі, дипломатиялық жапон және корей тілдерін үш жақты Батыс Еуропалық және Ресейлік Невский атындағы тіл және мәдениет институтының жекекші тіл ғалымдарымен даярлауға арналған ынтымақтастық келісімдер жасалды.

Алдағы уақытта, арнайы бекітілген жоспарға сай жұмыстарды жүргізу мақсатымен Халықаралық Тараз инновациялық институтының президенті Ерболат Саурыков қол қойылған меморандум мен ректор Марат Баяндин Асылбекұлымен бекітілген академиялық кездесулердің циклограммасы бойынша әрбір факультет ПОҚ құрамы мен ТМД, Шығыс Азия және Батыс Еуропаның серіктес, жетекші шетелдік ЖОО өкілдерімен кездесулер жоспары бекітілді.